- Негізгі бет
- Жаңалықтар (Страница 28)
Жаңалықтар
-
Тіл талқыға түсті
13 Қараша 2010
Жақында Көкшетау қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік тіл және қазақстандық патриотизм бәсекеге қабілетті мемлекетті құру факторы ретінде» атты республикалық конференция өтті.
-
Астанада «ТІЛектестер ШАШУы» атты жастар фестивалі өтті
21 Қазан 2010
20.10.2010 ж. Астанадағы «Жастар» Сарайында Мемлекеттік тілді дамыту қорының ұйымдастыруымен «ТІЛектестер ШАШУы» атты жастар фестивалі өтті. Шараның басты мақсаты – жастар арасында қазақ тілін насихаттау, олардың өз Отанына, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру және ұлттық, патриоттық тақырыптағы жаңа әндердің дүниеге келуіне ықпал ету.
-
«Қазақша білесің бе? Досыңа үйрет!» — Астанада ерекше байқау басталды.
15 Қазан 2010
15/10/2010ж. Астанадағы Қазақстан-Ресей университетінде «Қазақша білесің бе? Досыңа үйрет!» атты жаңаша үлгідегі тіл байқауы басталды. Бұл байқау Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар Қанатының «Қазақша сөйлесейік!» акциясы аясында ұйымдастырып отырған бірлескен шарасы.
-
Тілге ықылас болса, сөйлейтін орта да табылады
5 Қазан 2010
– Мәдениет министрлігі әзірлеген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы көңіліңізден шықты ма? – Бұған төтесінен жауап беру дұрыс бола қоймас. Себебі бұл бағдарлама – республи¬кадағы тіл жанашырларының белсенді қатысуы¬мен жасалған құжат. Онда сонымен қатар шетелдердегі мемлекеттік тілге қатысты озық тәжірибе жан-жақты зерттелген. Сондықтан аталған бағдарлама, негізінен алғанда, тілдік ахуалды жақсартуға […]
-
Тіл бағдарламасы талқыланды
23 Қыркүйек 2010
«Нұр Отан» партиясы мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жобасын талқылау үшін дөңгелек үстел ұйымдастырды.
-
«Нұр Отан» жеңімпаздарды марапаттады
21 Қыркүйек 2010
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тілге құрмет — елге құрмет» атты республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттады.
-
Қағаз жүзінде бәрі жақсы іс жүзінде біраз сауал туындайды. Ол сауалға бағдарлама нақты жауап бере ала ма? Дөңгелек үстел — 11.09.2010ж.
11 Қыркүйек 2010
ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты мәселелері кеңесінің VІІ отырысында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы талқыланған тұста аталмыш құжатты еліміздегі жастар ұйымдарының арасында да ой елегінен өткізу туралы шешім қабылданған болатын. Осыған орай кеше «Жас Отан» Жастар қанаты орталық атқарушы органдарының өкілдері мен жастар бірлестіктері көшбасшыларының ұйтқы болуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
-
Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен «Жас Отан» Жастар қанаты «Қазақша сөйлесейік!» акциясы аясында «Қырағы көз!» айлығының басталуын жариялады.
9 Қыркүйек 2010
Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты «Қазақша сөйлесейік!» акциясы аясында «Қырағы көз!» айлығының басталуын жариялады.
-
100 пайыз мемлекеттік тілде іс жүргізуді барлық мекемелерге міндеттеу керек
19 Тамыз 2010
Қазір елімізде «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасының» жобасын талқылау жүріп жатыр. Соған орай, әсіресе, мемлекеттік тіл – қазақ тіліне жанашыр қауымның тарапынан айтылатын ұсыныстар мен пікірлердің көп болары түсінікті. Қазақ өзінің ұлт ретінде ұлықталуы мен өмір сүруінің басты шартының бірі – ана тілін Ата Заңмен (7, 93-баптар) айқындалған мәртебелі төрден […]
-
Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Қаламгер-Азамат» III Республикалық форумын ұйымдастыруға атсалысты
16 Тамыз 2010
Бүгін Астанада жас журналистердің «Қаламгер-Азамат» III Республикалық форумының салтанатты ашылуы өтті. Шараны ұйымдастырушыларының бірі — Мемлекеттік тілді дамыту қоры болып табылады.