Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қағаз жүзінде бәрі жақсы іс жүзінде біраз сауал туындайды. Ол сауалға бағдарлама нақты жауап бере ала ма? Дөңгелек үстел — 11.09.2010ж.

11 Қыркүйек 2010 | 10:56


ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты мәселелері кеңесінің VІІ отырысында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы талқыланған тұста аталмыш құжатты еліміздегі жастар ұйымдарының арасында да ой елегінен өткізу туралы шешім қабылданған болатын. Осыған орай кеше «Жас Отан» Жастар қанаты орталық атқарушы органдарының өкілдері мен жастар бірлестіктері көшбасшыларының ұйтқы болуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Мәдениет министрлігіне жүктелген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» жобасы ҚР Конституциясының 7, 93-ші баптарына, 1997 жылы ҚР «Тіл туралы» заңына, ҚР Президентінің «Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы» Жарлығына, Мемлекет басшысының Қазақстан халқы ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3-ші тармағына және «Ұлт бірлігі» доктринасына сай әзірленген. Қазақстанды мекендейтін барлық этностардың тілдерінің сақталуы жағдайында ұлт бірлігін нығайтуды көздейтін бағдарлама мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру мен стандарттау, мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту, қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру, мемлекеттік тілді насихаттау және қолдану аясын кеңейту сынды мәселелерді қарастырады. Тілдерді қолдану мен дамытудың өзекті проблемаларын шешетін нормативтік-ұйымдастырушылық құжатта көзделген мақсат-мұраттар Үкімет қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспары арқылы іске асырылады. Бағдарлама 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең — 2011-2013, екінші кезең — 2014-2016, үшінші кезең — 2017-2020 жылдар аралығын қамтиды. Осы уақытта бағдарламаға сәйкес, мемлекеттік тілді меңгерген мектеп түлектерінің үлесін 100%, мемлекеттік тілді меңгерген ересек адамдардың санын 80% және мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілдегі ісқағаздарының көлемін 100% жеткізу жоспарланған.
Дөңгелек үстелде Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев: «Бағдарламада қазақ тіліне қатысты қоғамда қалыптасқан негізгі ұсыныстар мен ой-пікірлер жан-жақты таразыланып, мұқият ой елегінен өткізілген. Сондай-ақ мұнда тілдік дамудың 4 басым бағыты айқындалып, мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы іс-шаралардың мақсаты, негіздемелері мен күтілетін нәтижелері, көрсеткіштері тиянақталған. Орындалуы тиіс міндеттер бірізділікпен ортақ жүйеге түсіріліп, алдағы он жылдыққа белгіленген істердің ұйымдастырылуы мен қаржыландыру көздері нақтыланған. Мемлекеттік тілді үйренудің қолжетімділігі, оны барша азаматтардың тегін меңгеруі, бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ тілінің көлемдік көрсеткіштерінің ұлғайту, тіл орталықтарының қызмет көрсету сапасы мен тіл мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру мен одан ары жақсарту, тіл мәселесімен айналысатын құзіретті органдар құру секілді түйінді мәселелер қозғалған. Бір сөзбен айтқанда, бағдарламада байсалды әрі пайымды талдау бар деуге толық негіз бар. Десек те жобада саяси және құқықтық тұрғыдан нақтылауды қажет ететін тұстар да жоқ емес. Бұл — өте маңызды құжат. Сондықтан мұндағы мәтінге, тіпті әрбір сөзге, сөйлемге жауапкершілікпен қарау керек. Құжаттың 3-ші тармағында «мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдегі іс жүргізу көлемін 100 % жеткізу керек» делінген. Біздіңше, бұл жерді «меншік нысанына қарамастан, барлық мекемелер мен ұйымдарда мемлекеттік тілдегі іс жүргізу көлемін 100 % жеткізу керек» деп өзгерту керек», — десе, 7-арнаның тілшісі Максим Рожин: «Тәуелсіздігімізді алғанымызға 20 жыл уақыт өтсе де біз әлі күнге дейін қазақ тіліне ден қойып отырған жоқпыз, орыс тілі басым. Қай жерде болмасын, тіпті мемлекеттік қызметте де дәл сондай жағдай қалыптасқан. Ал 10 жылдан кейін не өзгереді? Осы аралықта бағдарламаның талабына бейімделетін, оның талабына көнетін біздің шенеуніктер, тілді білмейтін азаматтар қалай сөйлейтін болады? Менің ойымша, осы сауалдарға бағдарламада нақты жауап беріліп тұрған жоқ. Бізде қағаз жүзінде барлығы жақсы, іс жүзінде біраз сауалдар туындайды. Осы сауалдар 10 жылдан кейін тағы да алдымыздан шықса, ұят болады», — деді.

«Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газеті 11/09/2010
Қанат МАХАМБЕТ
Астана