Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Тіл бағдарламасы талқыланды

23 Қыркүйек 2010 | 6:46

«Нұр Отан» партиясы мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жобасын талқылау үшін дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шара барысында партия жанындағы жемқорлыққа қарсы медиа-орталықтың жетекшісі Берік Уәли, Мәдениет министрлігі Тіл комитеті төрағасының орын­басары Мұхит Нұртазин, Мем­лекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев пікір білдіріп, ұсыныстарын ұсынды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басымдық берген мемлекеттік бағдарламалардың ішінде үдемелі индустриялық-инновациялық даму, денсаулық сақтау, білім беру және тіл мәселесі өзекті саналады. Тіл саясатын өрістету арқылы би­лік елімізде тұрып жатқан барлық этностардың береке-бірлігі мен ынтымағын ұйытуды көксейді. Бұл туралы Президент Қазақстан халқы ассамблеясының VIII сессиясында «Біз барша қазақ­стан­дықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін бар­лық күш-жігерімізді салуымыз ке­рек. Сонымен бірге елімізде тұ­ратын барлық халықтардың өкіл­дері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет» деп атап көрсетті. Алдағы онжылдыққа бағытталған бағдарлама бойынша мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың қазіргі 60 пайызын 95 пайызға жеткізу жоспарланған. Мақсатты орындау үшін білім жүйесінің барлық деңгейінде мемлекеттік тілді меңгерту мен оқытудың бірыңғай стандарттары енгізілмек.
«Осыдан тура 21 жыл бұрын, 1989 жылы 22 қыркүйекте елімізде Тілдер туралы заң қабылданды. Қазір «Тілдерді қолдану мен да­мытудың 2011-2020 жылдарға ар­налған мемлекеттік бағдар­ла­масы» талқылану үстінде. Бүгінгі жиын жоғарыдағы датаға және жаңа бағдарламаны ой елегінен өткізуге арналып отыр. Біз бүгін жиналғандардан нақты пікір, жаңа ой-толғам естігіміз келеді. Айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы Мәдениет министрлігіне жолданады. Бағдарлама қазан айының басында Үкіметке ұсынылады. Үкімет мақұлдап жатса, арнайы қаулы қабылдайды» деді дөңгелек үстелде Мем­ле­кеттік тілді дамыту қо­рының директоры.

Айқын газеті/ Қанат МАХАМБЕТ, Астана