Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

9 қазанда Петропавл қаласында спикинг-клуб өтті

28 Қазан 2024 | 1:12

spiking11

2024 жылдың 9 қазанында Петропавл қаласында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен Soyle.kz қазақ тілін үйрену платформасы ұйымдастырған спикинг-клуб өтті. Іс-шара қала тұрғындары арасында қазақ тілін үйрену мен оны насихаттауға бағытталды. Бейресми жағдайда қатысушылар маңызды мәселелерді талқылап, тілді меңгеру тәжірибелерімен бөлісті, әндер айтып, қазақ тілінде еркін сұхбат құрды.

spiking133

Азат Шәуев Soyle.kz платформасы арқылы қазақ тілін тегін үйрену мүмкіндіктері туралы айтып, интернет қолданушылары үшін курстың қолжетімділігі мен ыңғайлылығын ерекше атап өтті. Кездесудің арнайы қонағы, танымал жазушы және абайтанушы Болат Жүнісбеков қатысушыларды поэзия әлемімен таныстырды.

Іс-шараның соңында қатысушыларға екі тілде шығарылған кітаптар мен комикстер сыйға тартылып, бұл кездесуден ерекше белсенділік пен жылы әсер қалды.