Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақ тілін үйренудегі жаңа леп — Soyle.pro

31 Тамыз 2024 | 6:59

Soyle.pro-Google-Chrome_240830163357-1024x430

Soyle.proқазақ тілін үйренуге арналған заманауи онлайн-платформа және мобильді қосымшасын іске қостық. Ресурс әлемдегі ең үздік тіл үйрену қосымшаларына ұқсас жасалған. Пайдаланушыларымызға ыңғайлы болу үшін ойын мен оқу процесінің элементтерін біріктіретін инновациялық тәсілді алға тарттық.

Soyle.pro мобильді қосымшасы iOS пен Android жүйелерінде қолжетімді. Бұл тіл үйренуді кез келген уақытта және кез келген жерде ыңғайлы түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Платформа 10-15 минуттық 20-30 тапсырмадан тұратын сабақтарды ұсынады. Пайдаланушылар «тәжірибе ұпайларын» жинап, оларды жетістік белгілеріне айырбастау арқылы сөздік қорларын байыта алады.

Soyle.pro мобильді қосымшасының артықшылықтары:

  • Мобильді құрылғылар арқылы қол жетімділік.
  • Сабақтар туралы тұрақты push-хабарламалар.
  • Конверсияны арттыру және дерек жинау мүмкіндіктері қызмет сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Платформа пайдалануға дайын, қазақ тілін меңгергісі келген адамдар Soyle.pro арқылы оқуларын бастай алады.