Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақша сөйлеу клубы Soyle платформасымен бірге Павлодар қаласында

13 Қараша 2024 | 7:21

Изображение WhatsApp 2024-11-13 в 13.37.31_f6b6e9cc

2024 жылы 11 қарашада Павлодар қаласындағы Мемлекеттік тілді оқыту орталығында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен қазақ тілін дамыту мен үйренуге арналған «Сөйлесу клубы» өтті.

Іс-шараға Soyle платформасының өкілі Азат Шауеев, жазушы және абайтанушы Болат Жүнісбеков, қазақ тілін оқыту әдістемелерінің авторы Шолпан Кинжикова, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметшілер мен Павлодар қаласының тұрғындары қатысты. Олар қазақ тілін дамытуға үлкен қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті.

Кездесу барысында Soyle және Qazaq tili платформалары арасында қазақ тілін оқыту тәжірибесімен алмасу ұйымдастырылды. Qazaq tili платформасының авторы жоғарыда аталған қазақ тілі мұғалімі — Шолпан Кинжикова.

«Сөйлесу клубы» ұлттық тілді мәдени құндылық ретінде қолдау мақсатында өткізілді. Қатысушылар осындай бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, қазақ тілінің қоғамдағы орны мен дамуына үлес қосып жүрген барлық азаматтарға алғыстарын білдірді. Іс-шара соңында қатысушыларға үш тілдегі комикстер мен қазақ тілін үйренуге арналған кітаптар сыйға тартылды.