Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен «Жас Отан» Жастар қанаты «Қазақша сөйлесейік!» акциясы аясында «Қырағы көз!» айлығының басталуын жариялады.

9 Қыркүйек 2010 | 10:23


Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты «Қазақша сөйлесейік!» акциясы аясында «Қырағы көз!» айлығының басталуын жариялады.

Іс-шараның мақсаты — халық тұтынатын тауар өндірушілерді мемлекеттік тілді құрметтеуге шақыру, қоғамды тіл тазалығы жолындағы жұмысқа тарту, тауар этикеткаларындағы қазақ тіліндегі ақпараттың қателерін табу, олардың деңгейін арттыруға ықпал ету, қазақ тілінің стилистикасы мен тіл мәдениетінің сақталуын қамтамасыз ету.
Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеевтің айтуынша: «Біздің акцияның көздегені – тауарлардың этикеткаларындағы, қораптарындағы, нұсқаулықтарындағы қазақ тіліндегі қателерді әшкерелеу. Тауарлардағы ақпараттың қазақшалары қате жазылатыны құпия емес, олар тауар туралы ақпаратты дұрыс бермеуімен қатар, тұтынушылардың ашу-ызасын келтіреді. Сондықтан, бүгіннен бастап біздің волонтерлар өз тауарларындағы қазақ тілін, оның стилистикасы мен терминологиясын бұрмалап, ақпаратты орыс тілінен дұрыс аудармаған тауар өндірушілерді анықтауға кіріседі. Біз осы акциямыз арқылы тауар өндірушілер мен сауда жүйелерінің иелерін мемлекеттік тілді бұрмаламай, тұтынушыларға арналған ақпаратты сапалы аударуға назарларын аудартқымыз келеді».
Акция бір ай бойы жүзеге асып, кез келген сауда орталығындағы өнімдерде қазақ тілінде жазылмаған немесе қате жазылған тауарларды тауып, сол тауарды өндіруші мекеменің анықталуын көздейді.
Аталған шараға барлық сауда орталықтары қамтылып, әрбір сатып алушының құлақ қағысына ие болуы қажет. Акцияға қала тұрғындары мен қонақтары да қатыса алады. Қате жазылған немесе қазақ тілінде ешқандай ақпараты жоқ өнімдердің этикеткаларын (қораптарын, ыдыстарын) неғұрлым көптеп жинап, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ Астана қалалық филиалына (Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 3) әкеліп өткізген алғашқы 20 сатып алушы Мемлекеттік тілді дамыту қорының арнайы сыйлықтарымен марапатталады.
Шараның нәтижесін акцияны ұйымдастырушылар тобы қазан айында жариялайды.