Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Нұр Отан» жеңімпаздарды марапаттады

21 Қыркүйек 2010 | 11:40


«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тілге құрмет — елге құрмет» атты республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттады.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, мемлекетіміз үшін де, халқымыз үшін де тіл мәселесі қашанда қадірлі, қашанда қастерлі. Сол үшін де Елбасымыз, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев көпұлтты Қазақстанымыздың одан әрі өсіп-өркендеуі, дамуы, бірлік пен бейбітшілікті сақтауы жолында тілге ерекше көңіл бөліп келеді. Президентіміздің тікелей тапсырмасымен атқарылған маңызды жұмыстардың арқасында бүгінгі күні әрбір ұлт өз тілін, мәдениетін дамытып қана қоймай, мемлекеттік тіл — қазақ тілінің айналасында топтасуға, бірігуге қадам жасап отыр. Бұл — біздің тәуелсіз мемлекетіміз үшін үлкен жетістік», — деді ол топжарғандарға партияның арнайы дипломдары мен ақшалай сыйлықтарын табыс етіп тұрып.
«Үш тілдің бірлігі» мәдени жобасын жүзеге асыра отырып мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатуға арналған байқау мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, көсегесін көгертуге бағытталған үздік мақала, телехабарлар һәм қазақ тіліндегі үздік интернет-жобалар сынды аталымдардағы 200 үміткердің арасынан хас жүйріктерді анықтауды мақсат тұтты. Нәтижесінде қазақ тіліндегі БАҚ-та мемлекеттік тілді таратуға және насихаттауға арналған үздік мақала, телебағдарлама аталымы бойынша «Қазақ радиосындағы» «Мен қазақпын» бағдарламасының авторы әрі жоба жетекшісі Базаргүл Үмбетова мен «Алматы» телеарнасындағы «Тіл сақшысы» бағдарламасының жүргізушісі Самал Мейрамқызы «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деп танылды. Орыс тіліндегі БАҚ-та дәл осы аталымда Жамбыл облыстық «Знамя труда» газетінің тілшісі Людмила Мельник, «Өскемен» газетінің қаламгері Роза Саянова және «Кызылординские вести» газетінің журналисі Светлана Югай өзгелерден оқ бойы озық тұрды. Ақтөбе облыстық «Рика ТВ» телеарнасындағы «Сөйле, тілім!», «Біліп қой, балақай!», «Қазақшаңыз қалай?» бағдарламалары мен «Қазақ альманағы» редакциясының «Қазақ альманағы» және ҚР Ішкі істер министрлігінің «Парасатты полиция» атты республикалық жобасы да жеңімпаздар қатарынан көрінді. Мемлекеттік тілді дамытуға атсалысып отырған үздік интернет-жобалар аталымында Батыс Қазақстан облысы «adebіet.kz» сайтының, Айболат Дәлелханның басқаруындағы «superchap.blog.ru» блогының және «Abaі.kz» ақпараттық порталының мерейі үстем болды. Мемлекеттік тілдің дамуына сүбелі үлес қосқан үздік ұйым аталымында Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен «Медиа Астана» продюсерлік орталығы және Моңғолиядағы «Шұғыла» журналының редакциясы қошемет пен құрметке кенелді.
Салтанатты құттықтаудан соң Н.Нығматулин жиналғандарға табыс тілеп: «Баршаңызды бүгінгі жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Дендеріңіз сау болып, еңбекте жеміске жете беріңіздер. Тіліміздің тұғыры биік болсын. Сіздер соған атсалыса беріңіздер», — деді. Өз кезегінде «Мен қазақпын» бағдарламасының авторы Б.Үмбетова: «Халқымызда: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген сөз бар. Біздің ата-бабаларымыз осынау ұлан-ғайыр жерді тек қана қарумен емес, тілдің құдіретімен де сақтай білген. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген сөз содан қалған деп ойлаймын. Сөз орайы келгенде орыс тілді бұқаралық ақпарат құралдарындағы әріптестерім мемлекеттік тілді насихаттауда бүгінгіден де белсендірек болса екен деген ұсыныс білдіргім келеді. Себебі «Тілі бірдің — тілегі, тілегі бірдің жүрегі бір болады», — десе, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев: «Елімізде тіл жанашырлары өте көп. Үкіметтік емес ұйымдардың ішінен біздің қорды тіл жанашырларының алдыңғы қатарына қойғандарыңызға алғыс айтамын. Бүгінгі марапат бізге зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені алдымызда онжылдыққа арналған мемлекеттік бағдарлама бекітілгелі тұр. Бағдарлама бізге сенім артып, аманат арқалатпақ. Осы ретте барлық үкіметтік емес ұйымдардың атынан Елбасының сындарлы саясатын жүзеге асыруға бар күшімізді жұмсайтындығымды айтып, уәде беремін», — деді.

«Айқын» Республикалық газетінен
Қанат МАХАМБЕТ
Астана