Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Қазақша білесің бе? Досыңа үйрет!» — Астанада ерекше байқау басталды.

15 Қазан 2010 | 7:56

15/10/2010ж.
Астанадағы Қазақстан-Ресей университетінде «Қазақша білесің бе? Досыңа үйрет!» атты жаңаша үлгідегі тіл байқауы басталды. Бұл байқау Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар Қанатының «Қазақша сөйлесейік!» акциясы аясында ұйымдастырып отырған бірлескен шарасы.

Осы шараның ашылуына қатысқан Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев, «Жас Отан» Жастар Қанаты Төрағасының орынбасары Нұрлан Сыдықов, «ҚАЗТЕСТ» Ұлттық тестілеу орталығының Басқарма бастығы Айдос Әбдіқалықов, «Картел» ЖШС-ның Қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Анар Жұмағұлова және Қазақстан-Ресей университеті директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Динара Қонақпаева байқаудың өткізілу тәртібін және барысын таныстырды.

Байқаудың басты мақсаты – студент жастардың қазақ тілін үйренуіне ықпал ету және оларды ынталандыру.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев: « … байқау нәтижесі қазақ тілін үйрену қиын деген қоғамдық пікірді жоққа шығармақ» — деп атап көрсетті.

Байқау қызық та, жеңіл болмақ. Байқаудың өту тәртібімен танысқан студенттер арасынан досыма қазақ тілін үйретемін және досымнан үйренемін деген жастар жұптары өз еріктерімен суырылып шықты. Тіл үйретуші, яғни қазақ тілін жетік меңгерген студент (оқытушы) қазақ тілін білуге ықылас танытқан тіл үйренуші (оқушы), өз досын немесе курстасын ортаға алып шықты.

Әрі қарай «ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы «оқушылардың» қазақ тілін меңгеру деңгейі анықталды. Олар тіл үйренуге берілген екі ай ішінде ауызекі қазақ тілін үйреніп шығуы керек.

Желтоқсан айында ұйымдастырушылар тіл үйренушілердің қазақ тілін қандай деңгейде меңгергенін тағы да «ҚАЗТЕСТ» жүйесі және қазақ тілінде жеке сұхбат өткізу арқылы бағалап, байқау жеңімпаздарын анықтайды.

Жүлделі орындарды иеленген жастар Қордың арнайы дипломымен және байқау демеушісі «Beeline» сауда белгісі бар «Картел» ЖШС-ның бағалы сыйлықтарымен марапатталады. Сондай-ақ, белгілі бір деңгейде тіл үйренген студенттерге «ҚАЗТЕСТ» жүйесінің Сертификаты беріледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға Елордамыздағы басқа да жоғарғы оқу орындарының студенттері қатыса алады. Ол үшін Астанадағы 74-29-92 телефонына хабарласулары керек.

«Жобаның табысты боларына сенімдімін, өйткені, тіл үйренуде әрқашан алғашқы қадам жасалуы керек. Бұл байқау жастардың алғашқы қадам жасауына бастама болмақ. Еліміздің қазақ тілді өзге де азаматтары осы бастамамызды одан әрі жалғастырып, өз досына, әріптесіне, көршісіне ауызекі қазақ тілін үйретуге кіріседі деген үміттеміз», — деді А.Шәуеев.

Мемлекеттік тілді дамыту
қорының
Баспасөз қызметі