- Негізгі бет
- Жаңалықтар (Страница 22)
Жаңалықтар
-
«Жаңа патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі»
1 Қазан 2013
Үстіміздегі жылғы 26 қыркүйекте ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Мемлекеттік тілді дамыту қорының ұйымдастыруымен «Жаңа патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» атты республикалық конференциясы өтті. Конференцияға қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері, ғалымдар, қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, Қор Камқоршылық және Сараптамалық кеңесінің мүшелері қатысты.
-
Қазақ тілі – біздің рухани қазығымыз.
13 Қыркүйек 2013
Үстіміздегі жылғы 12 қыркүйекте Мемлекеттік тілді дамыту қоры ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ақмола облысындағы саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде алқалы жиын өткізді. Жаңа қазақстандық патриотизм тақырыбына арналған бұл шара алдағы Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай өткізілді.
-
«Ұлттық мәдениетіміздің мәйегі — халық аспаптары мұражайы»
4 Қыркүйек 2013
Үстіміздегі жылғы 29 тамызда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ықылас Дүкенұлы атындағы халық аспаптары мұражайында Мемлекеттік тілді дамыту қорының ұйымдастыруымен мазмұнды басқосу болып өтті. Дөңгелек үстел басына жиналған зиялы қауым өкілдері, мұражай мамандары мен Қор сарапшылары құнды тарихи жәдігерлер сақталған осы мұражайдың қоғамның барша мүшелерінің, әсіресе өскелең ұрпақтың мәдениетіміз бен тарихымызға деген қызығушылығын, […]
-
Қор Конституция Күніне орайластырып, кітаптар сыйға тартты
29 Тамыз 2013
«Қазақстан — 2050» стратегиясында Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының бірнеше басым бағыттары айқындалған. Соның бірі — біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі ретіндегі жаңа қазақстандық потриотизмді қалыптастыру болып табылады. Конституция Күні қарсаңында Қор ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Стратегияны жүзеге асыру мақсатында «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» мен «Балақай» балабақшасында кездесулер өткізді. Бұл шараның […]
-
«Жаңа патриотизм – бүгінгі жастардың тұрақты болашағының негізі»
27 Тамыз 2013
Үстіміздегі жылғы 23 тамызда Мемлекеттік тілді дамыту қоры ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Конституция күніне орайластырып, «Жаңа патриотизм – бүгінгі жастардың тұрақты болашағының негізі» тақырыбында жастар арасында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге жастардың қазіргі адамгершілік ахуалын, Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық көңіл-күйін талқылауға ықылас білдірген қазақстандық және шетел жоғары оқу орындарының студенттері мен […]
-
«Qazaqsha-online» — Қазақстанда тұңғыш рет мемлекеттік тілді онлайн режимінде тегін оқытатын Интернет-портал жасау қолға алынды
10 Шілде 2013
Бүгін Астанада мемлекеттік тілді тегін оқытатын «Qazaqsha-online» Интернет-порталының жасалуына арналған баспасөз конференциясы өтті. Жоба Мемлекеттік тілді дамыту Қорының бастамасы бойынша «Қазақстан -2050» Стратегиясында айтылған міндеттерді орындау мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры мен «Samsung Electronics Kazakhstan and Central Asia» Компаниясының қолдауымен жүзеге асырылады.
-
«Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты қазақ тілі мен әдебиетінен оқушылардың X Халықаралық олимпиадасының қорытындысы
1 Шілде 2013
Шетелде тұратын қазақ диаспорасының ерекше дарынды балаларын анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми — практикалық орталығы ТРК «Қазақстан» және Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен 2013 жылғы 24-28 маусым аралығында Астана қаласында оныншы рет алыс — жақын шет елдердегі қазақ диаспорасының дарынды балалары үшін қазақ тілі мен […]
-
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қазақ диаспораларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім — ана тілім» атты X Халықаралық олимпиадасының БАСПАСӨЗ- ХАБАРЛАМАСЫ
26 Маусым 2013
Шетелде тұратын қазақ диаспорасының ерекше дарынды балаларын анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, ТРК «Қазақстан» және Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен ағымдағы жылдың 24-28 маусымында Қазақ Ұлттық өнер университетінің базасында «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша […]
-
Қор қазақ тілінде шығарма жазу байқауының жеңімпаздарын марапаттады
3 Мамыр 2013
5-11 сәуір күндері Астана қаласының № 4 және № 51 мектеп-гимназиясы мен Алматы қаласының № 123 мектебі оқушыларының арасында «Арман! Еңбек! Сенім!» тақырыбына қазақ тілінде шығарма жазу байқауы өтті. Байқауға қатысқан 190 оқушының арасынан ең үздіктерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
-
Мемлекеттік тілді дамыту қоры қалалық дебат турнирін өткізуге қолдау көрсетті
30 Сәуір 2013
Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен 22-23 сәуір күндері Астанада Балалардың құқықтарын қорғау қалалық департаменті мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайы бірлесіп ұйымдастырған қала оқушылары арасында дебат турнирі өтті.