Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Ұлттық мәдениетіміздің мәйегі — халық аспаптары мұражайы»

4 Қыркүйек 2013 | 5:20


Үстіміздегі жылғы 29 тамызда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ықылас Дүкенұлы атындағы халық аспаптары мұражайында Мемлекеттік тілді дамыту қорының ұйымдастыруымен мазмұнды басқосу болып өтті. Дөңгелек үстел басына жиналған зиялы қауым өкілдері, мұражай мамандары мен Қор сарапшылары құнды тарихи жәдігерлер сақталған осы мұражайдың қоғамның барша мүшелерінің, әсіресе өскелең ұрпақтың мәдениетіміз бен тарихымызға деген қызығушылығын, олардық патриоттық сезімін арттырудағы, тарихи-мәдени мұраларды білуге әрі құрметтеуге үйретудегі алатын орны мен маңызына ерекше тоқталды.
Шараға қатысқан филология ғылымдарының докторы, профессор Айман Алдаш: «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды… Біз мемлекеттілігіміздің рухани мәселелері экономикалық, материалдық мәселелерден ешбір кем бағаланбайтын даму кезеңіне келіп отырмыз», — деген болатын. «Осы тұрғыдан келгенде халық аспаптар мұражайы — өзінің бірегей жәдігерлерінің ерекшеліктеріне сай қазақ өнері мен мәдениеті, аспаптануы мен мұражайтануы, аспапты қолөнер мен музыкалық фольклор секілді салалар бойынша толық мағлұмат бере алатын рухани орын» — деп, атап өтті.
Шараға жиналғандарға мұражай қызметкерлері Қазақ халық музыкалық аспаптары мұражайына келген қала тұрғындары мен қонақтары қазақ ұлттық бұйымдарының мыңнан астам түрін тамашалай алатындығын, сондай-ақ мұражайдың қазіргі заманға сай техникамен жабдықталып, «mеdia table» атты мультимедиялық құрылғы орнатылғанын атап өтті. Сонымен қатар мұражайдың ғылыми қызметкерлері де мұражай өз тарихында гуманитарлық ғылымдардың үш бірдей саласының басын қосып, қазақ мұражайтануы, қазақ аспаптануы және қазақ өнертану ғылымдары бойынша арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіп отырғандығын, мұражай жұмысына тарихшылар, этнографтар, әдебиетшілер ғана емес, әншілер мен бишілер, аспапшы-шеберлер, қобызшылар мен домбырашылар өз үлестерін қосып келе жатқандығын айтты.
«Таң¬балы» Мемлекеттік тарихи мәдени және табиғи қорық мұражайының директоры Ерлік Әлімқұлов: «Қай елде болсын ұлттық мұражайлардың орны ерекше. Қазақстан мұражайлары – халқымыздың сан ғасырлық тарихы мен салт-дәстүрінен, өнері мен мәдениетінен, ғылымы мен білімінен хабардар ететін бірден-бір ғылыми-танымдық орын. Сондықтан да біздің ең басты міндетіміз – біздің заманымызға дейін жеткен ұлттық құндылықтарымызды, мәнді мұрағаттарымызды әрі қарай да аялап сақтау, насихаттау. Ендеше, мектеп пен жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісіне тың идеялар енгізіп, осы бағытта жаңаша жұмыс жасау қажет. Қазіргі заман талабы — өз ұлты мен Отанына, туған жері мен туған халқына деген сүйіспеншілігі жоғары, жан-жүрегіне иман ұялаған білікті азамат тәрбиелеу», — екендігіне баса тоқталды.
Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев Тәуелсіздігін алып, тұғыры биік, еңсесін нық көтерген киелі қазақ елінің ұрпағы бола тұра, ұлттық салт-дәстүрі мен мәдениетімізді құрметтемеу елдігімізге сын екендігін айта келе, өз сөзін «Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей» деп дана халқымыз айтқандай, патриотизмге тәрбиелеу шаралары балабақшадан бастау алып, жастар арасында жалғасын тапса екен деген тілекпен аяқтады.