Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты қазақ тілі мен әдебиетінен оқушылардың X Халықаралық олимпиадасының қорытындысы

1 Шілде 2013 | 6:57

Шетелде тұратын қазақ диаспорасының ерекше дарынды балаларын анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми — практикалық орталығы ТРК «Қазақстан» және Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен 2013 жылғы 24-28 маусым аралығында Астана қаласында оныншы рет алыс — жақын шет елдердегі қазақ диаспорасының дарынды балалары үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен оқушылардың «Қазақстан — ата жұртым, қасиетім — ана тілім» атты X Халықаралық олимпиадасын өткізді.
Дәстүрге айналған олимпиадаға тұңғыш рет Германия, Австрия, Голландия, Венгрия, Түркия мемлекеттерімен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Түркіменстан, Қытай, Ресей Федерациясының Мәскеу, Омск, Самара және Алтай өлкесінен құрама командалары қатысты.
Олимпиадаға қатысқан оқушылар саны – 100, жетекші мұғалімдер саны – 25 және өткен бұдан бұрынғы олимпиадалардың жеңімпаздары, құрметті қонақтар. Жалпы олимпиадаға қатысушылардың саны – 150 адам.
25 маусымда сағат 11.00-де Қазақ Ұлттық өнер университетінің концерт залында ашылу рәсімі өткізілді. Олимпиаданың құрметті төрағасы Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбайұлы мен қазылар алқасының төрағалығын Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Дихан Қамзабекұлы атқарды. Ашылуға олимпиадаға қатысуышларымен қатар құрметті қонақтар: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева, ақын Ақұштап Бақтыгереева, Европа қазақтар қауымдастығының төрағасы, шет жүрген қандас бауырларымыздың дарынды балаларын еліне, жеріне ұйымдастырып алып келіп отырған — Абдулкаюм Кесиджи, сонымен қатар бұған дейін тоғыз рет өткен облыстардағы білім басқармаларының бастықтары қолдау танытқан жоғарғы оқу орындарының проректорлары мен профессорлары қатысты.
Олимпиаданың 1 туры жазбаша шығарма жазуға арналды. Шығарма тақырыптары: «Абай поэзиясының алтын арқауы»; «Қазақ тілі ерлік пен бірліктің негізі»; «Мағжан — ұлт ақыны»; «Менің сүйікті ақын жазушыларым» деген тақырыптар берілді. Шығарма мазмұнынан оқушылардың Отанына деген сағынышы сезіліп тұрды.
Түскі астан кейін парламент депутаттарымен кездесуге барды. Еліне келген жас бүлдіршіндермен олардың жетекшілерін Парламент депутатары Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы; Смайыл Алдан Зейноллаұлы; Тасболатов Абай Бөлекпайұлы; Исімбаева Гүлмира Истайбекқызы қарсы алып, мәжіліс залында әңгіме сұқбат өткізіді. Өзбекстан, Қытай, Ресей мемлекеттерінен келген дарынды оқушылар шексіз өз тілектерін білдіріп, елдеріне деген сағыныш лебіздерін өлең жырлармен білдірді.
Венгер мемлекетінен, ата жұртына деген сағынышын әнімен жеткізу мақсатында ат шалдырып Тамаш бауырымыз келіп, қазақ әні «Елім-айды» шырқап берді. Парламентте оқушылар мен жетекшілерге экскурсиялар ұйымдастырылып, ескерткіш суретке түсіп, сыйлықтар тапсырылды.
Олимпиаданың екінші кезеңінде оқушылар билет сұрақтарына жауап беріп, шығармашылық жеке ізденістерін көрсетті.
Олимпиада аясында олимпиадаға қатысушылар Назарбаев университетімен танысты, Парламент ғимаратында депутаттарымен кездесті.
Сонымен қатар, «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалды кешеніне; «Астана Бәйтерек» монументіне; «Бейбітшілік және келісім сарайына», ҚР Бірінші Президентінің мұражайына және «Бурабай-Щучье» демалыс аймағына саяхат және «Балдәурен» РОСО-ғымен танысып, саяхат жасады.
Астана қаласындағы Оқушылар Сарайында «Астана достарын қарсы алады» деген бағдарламаға қатысты.
Олимпиаданың жабылуы рәсімі кезінде қазылар алқасының шешімі бойынша жоғарғы 10-11-12 сынып оқушылары арасынан 15 оқушы жеңімпаз атанып, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.