Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақ тілі – біздің рухани қазығымыз.

13 Қыркүйек 2013 | 9:37


Үстіміздегі жылғы 12 қыркүйекте Мемлекеттік тілді дамыту қоры ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ақмола облысындағы саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде алқалы жиын өткізді. Жаңа қазақстандық патриотизм тақырыбына арналған бұл шара алдағы Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай өткізілді. Жиынға Қор жанындағы сарапшылар тобының мүшелері, зиялы қауым өкілдері, Ақмол ауылындағы № 5 орта мектепің жоғарғы сынып оқушылары мен ұстаздары, мұражай қызметкерлері қатысты. Бұл басқосуды өткізудегі мақсат жас ұрпақтың рухани-білімі мен интеллектуалды-мәдени деңгейін көтеру, оларды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге ықпал ету болатын.
Жиынды мұражай директоры — қор сарапшылар кеңесінің мүшесі, белгілі журналист Болат Жүнісбеков ашып, шараға қатысушыларды келе жатқан Тілдер мерекесімен құттықтады. Ол өз сөзінде өскелең ұрпақты, мектеп оқушылары мен жастарды өз өлкесін, елінің мәдени құндылықтары мен тарихи мұраларын, дәстүрлерін бағалауға, қадірлей білуге шақырды.
Келесі сөз алған Қор директоры Азат Шауеев: «Қазақстан Республикасының Президенті, Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады», дей келіп, «Тіл Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет», — деген ашық ұстаным айтқанын жеткізді.
Жиында өз ойларын ортаға салған Ақмол ауылдық № 5 орта мектебінің 10 сынып оқушылары Қыдырбаева Назерке, Шәкен Нарғыз, Иренова Махаббат және Кайсина Жансая ата-бабадан келе жатқан дархандық пен бауыр¬¬малдықты, татулық пен мейірімділікті бойларына сіңіре отырып, туған еліміз — Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне, туған тіліміз – қазақ тілінің өз мәртебесіне сай дамуына келешекте қалай үлес қосатындықтары, еңбек ететіндіктері туралы пікірлерін жеткізді. Осы мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі Қарлығаш Бекимова қазақстандық патриотизм — әрбір азаматтың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезінуі, мемлекеттік рәміздерге, мемлекеттік тілге құрметпен қарауы — деген тұжырымын айта келе, өз ұжымында ұстаздар тарапынан жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге лайықты көңіл бөлініп отырғандығына тоқталды.
Жиын соңында қор қызметкерлері мектеп оқушылары мен ұстаздарына қазақстандық және әлемдік классиктердің көркем шығармаларын тарту етті.