Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Жаңа патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі»

1 Қазан 2013 | 10:21

Үстіміздегі жылғы 26 қыркүйекте ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Мемлекеттік тілді дамыту қорының ұйымдастыруымен «Жаңа патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» атты республикалық конференциясы өтті. Конференцияға қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері, ғалымдар, қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, Қор Камқоршылық және Сараптамалық кеңесінің мүшелері қатысты.
Конференцияны ҚазҰАУ әлеуметтік-гуманитарлық білім беру институтының директоры, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Сайын Борбасов жүргізді.
Конференцияда алғашқы баяндаманы Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев жасады. Ол Президентіміз Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады.» — деген сөздерін келтіре отыра, патриотизм дегеніміз – бұл өз Отанына, халқына, оның тарихы мен мәдениетіне, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі екенін қоса айтты.
«Ана тілі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Нұрперзент Домбай өз сөзінде: «Патриотизм дегеніміз – бұл еңбекқорлық, өз еліне деген жанкүйерлік, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау. Патриотизм рухы алдымен баланы мектеп табалдырығын аттаған кезінен бастап тәрбиелеу керектігіне сенетін мұғалімдердің ұстанымында бар. Патриотизм – барлық елдің өз Отанына деген сүйіспеншілігі. Патриот – өз мемлекетін сүйетін азамат» — деді.
Қор Сараптамалық кеңесінің мүшесі, профессор Айман Алдаш өз сөзін: «Біздің Президентіміздің сөздері ең алдымен аға буынға емес, сендерге, жас ұрпаққа арналады, сендерге сенім артады. Менің ойымша, патриотизмді тәрбиелеу – бұл біздің өскелең ұрпақта өз халқына деген адалдылықты, өз азаматтық борышы мен Отанын қорғаудағы конституциялық борышты өтеуге деген жоғары патриоттық сана сезімді қалыптастыруға арналған жүйелі де, мақсатты іс-әрекетіміз» — деп бастады.
Халықаралық «Қазақ тілі» Қоғамының жаупты хатшысы Нұрлан Асқаров өз сөзінде: «Патриоттық тәрбие недене басталады? Бір минут ойланып көрейікші: егер бізідің сана-сезімімізден Отан, азамат, міндет деген ұғымдар жоғалып кетсе, біздің өміріміз қандай болар еді. Отан жайлы толғанушылық – әр азаматтың өмірде орын табуында, азамат ретінде қалыптасуындағы ең маңызды сәттердің бірі. Тәрбиелеу үдерісінің ең маңызды бөлшегі – бұл патриотизмді тәрбилеу, өйткені, менің ойымша, бұл — тұлғаның әлеуметтік-азаматтық, рухани дамуының негізі болып табылады» — деді.
Қоғам қайраткері, Қор Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі Асылы Осман өз сөзінде: «Мен өз халқыма ризамын, біздің Президентіміз жолдауында сөзінде: «Біз – көпұлтты қоғамбыз. Және де ұлтаралық қатынастар мәселесінде ешқандай қосарланған стандарттар болмауға тиіс. Мемлекетте бәрі де тең болуға тиіс. Этностық немесе басқа да белгілер бойынша жақсы немесе жаман деген болмауға тиіс. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту», -деп айтқан еді. Менің ойымша, қазақ жерінде тұратын әрбір азамат мемлекеттік тілді үйреніп, қазақ тілінде сөйлеуге міндетті» — деп баса айтты.
Конференция соңында мемлекеттік тілдің рөлін арттыру арқылы жаңа қазақстандық патриотизімді қалыптастыру, жастарға патриоттық тәрбие беру жүйесін жетілдіру бойынша іс-қимыл жоспарының жобасына ұсынымдар жинақталды.
Конференция жұмысын қорыта келе, Қор директоры А. Шауеев конференция қатысушыларына алғыс білдіріп, оларға кәсіби және рухани табыстарға жетуге тілектестік білдірді.