Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Qazaqsha-online» — Қазақстанда тұңғыш рет мемлекеттік тілді онлайн режимінде тегін оқытатын Интернет-портал жасау қолға алынды

10 Шілде 2013 | 6:43


Бүгін Астанада мемлекеттік тілді тегін оқытатын «Qazaqsha-online» Интернет-порталының жасалуына арналған баспасөз конференциясы өтті. Жоба Мемлекеттік тілді дамыту Қорының бастамасы бойынша «Қазақстан -2050» Стратегиясында айтылған міндеттерді орындау мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры мен «Samsung Electronics Kazakhstan and Central Asia» Компаниясының қолдауымен жүзеге асырылады.

Іс-шараға ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының өкілі Серік Бұлхайыров, «Samsung Electronics Kazakhstan and Central Asia» Компаниясының президенті Сын Сик Чой, Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары Шерубай Құрманбайұлы және Мемлекеттік тілді дамыту Қорының директоры Азат Шауеев қатысты.

Баспасөз-конференциясында Қор директоры Азат Шауеев Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050» стратегиясында: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет», – деп нақты көрсеткенін, ал қазіргі таңда интернет жүйесінде қолжетімді (тегін) онлайн курс жоқ екендігін атап өтті.

Сондықтан да біз тілдерді оқытудың халықаралық және отандық іс-тәжірибесінің тиімді тұстарын зерттеп-зерделеп, сараптай келе қазақ тілін оқытудың онлайн курсын әзірлеуді қолға алдық, көпшіліктің мемлекеттік тілді жаппай үйренуіне ақпараттық технологиялар қажетті жағдай туғызбақ – деді.

Онлайн курс тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Оқу бағдарламасы қазақ тілін тиімді әдіс-тәсілдер арқылы жедел меңгеруге және тіл үйренушілерге алынған білік-дағдыларын күнделікті өмірде еркін пайдалана алуға мүмкіндік береді. Бағдарламада тілдік құзыреттің барлық түрі: сөйлесім, айтылым, оқылым, жазылым әрекеттері толық қамтылатын болады. Жобада үйренуге тиімді оқу материалдары мен ақпараттық жүйедегі жаңаша мультимедиялық мүмкіндіктер (графикалық суреттер мен анимация түрлері, аудио және бейне материалдар) үйлестіре берілмек.

«Бұл жобаның бүгінгі таңдағы өзектілігі айқын. Мемлекеттік тілді онлайн режимде оқыту қажеттілігінің өзі тілге деген сұраныстың күннен-күнге артып келе жатқандығымен түсіндіріледі, жүйе тіл үйренушілерге өз уақытын тиімді де жоспарлы пайдалануына мүмкіндік бермек», — деп атап өтті Шерубай Құрманбайұлы.

Баспасөз-конференциясы барысында «Мемлекеттік тілді дамыту» Қоры және «Samsung Electronics Kazakhstan and Central Asia» Компаниясы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

«Samsung Electronics Kazakhstan and Central Asia» Компаниясының президенті Сын Сик Чой: «Компания мемлекеттік тілді дамыту мен оның қолдану аясын кеңейтуге зор көңіл бөлуде. Бүгінде Самсунгтың барлық құрылғылары қазақтілді интерфейспен жабдықталып, көптеген қосымшалар мемлекеттік тілде қолданылады. Бұл жоба Samsung Electronics Kazakhstan компаниясының жалпы құндылықтарды құру бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Жыл сайын Қазақстан аумағында Компания табысының 1 пайызы осы секілді әлеуметтік бағдарламаларға бөлінеді. Мемлекеттік тілді қолдау осы бағдарламадағы негізгі басымдықтардың бірі» – деп атап өтті.