Үстіміздегі жылғы 23 тамызда Мемлекеттік тілді дамыту қоры ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Конституция күніне орайластырып, «Жаңа патриотизм – бүгінгі жастардың тұрақты болашағының негізі» тақырыбында жастар арасында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге жастардың қазіргі адамгершілік ахуалын, Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық көңіл-күйін талқылауға ықылас білдірген қазақстандық және шетел жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектері жиналды.
Кездесуге жиналғандардың барлығына қатысты бірқатар сұрақтар талқылауға салынды: Оқу орны (жоғары оқу орны, ел, курс), қай жерде туды? ҚР Конституциясының мәтінімен таныссың ба? Сенің түсінуіңше, патриотизм деген не? Н.А. Назарбаев Стратегия 2050-де «Жаңа патриотизм» тарауын айрықша атап өтті, сен қазіргі жастарды патриот деп санайсың ба? Өзіңді патриот деп санайсың ба? Мемлекеттік тіл патриоттық сезімдердің пайда болуының қазығы болып табылады, ал сенің мемлекеттік тілді білуің қай деңгейде? Сенің ойыңша, жастардың Отанына деген сүйіспеншілігін мемлекеттік тіл арқылы баулуға бола ма?
«Саясаттану» мамандығы бойынша Ресейдің Халықтар достығы университетінің Магистрі Құлжан Мұхтарұлы сөз сөйлеп, Қазақстанда мемлекеттік тілді меңгере отырып, жастар өздері үшін жаңа әлемді ашатынын ерекше атап өтті. Ең бастысы, қазіргі Қазақстанның сан ғасырлар бойы даму тарихын жете түсінетін болады.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық мемлекеттік университетінің студенті Амиров Хайкен:
— Патриотизм – өз елінің және халқының құқығын қорғауға әрқашан дайын болу, патриотизм – мемлекеттің жарқын болашағына деген сенім, үміт және сүйіспеншілік. Мемлекеттік тілді мен орта деңгейде білемін, біздің азаматтарымыз қазақ тілін үйренуі керек, әйтпесе халық қоғам ретінде өзінің әлеуметтік тұлғасын жоғалтып алуы мүмкін, патриоттық сезімді қалыптастыру отбасыдан басталуы қажет, өйткені отбасы жас ұрпақ үшін қалыптасу көзі болып табылады.
Барлық айтылған сөздер қызықты болды. Соңында жиналғандар жалпы қазіргі жастар өз елінің патриоты деген мақтан тұтарлық атқа ие болуға лайықты және бұл жерде қазақ тілінің рөлінің маңызы жоғары деген ортақ ойға келді.
Кездесу соңында жастар қазақстандықтар үшін үлкен жеңіс әкелген «Шахтердың» құрметіне Қазақстанның әнұранын бірігіп айтты.
- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- «Жаңа патриотизм – бүгінгі жастардың тұрақты болашағының негізі»
«Жаңа патриотизм – бүгінгі жастардың тұрақты болашағының негізі»
27 Тамыз 2013 | 11:15