Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен 22-23 сәуір күндері Астанада Балалардың құқықтарын қорғау қалалық департаменті мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайы бірлесіп ұйымдастырған қала оқушылары арасында дебат турнирі өтті.
Турнир мектеп оқушыларының әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін көтеру, сонымен қатар, балалалардың әлеуметтік бастамаларын қолдау мақсатында өткізілді.
Дебат турниріне Астана қаласының мектеп оқушыларынан құрылған 38 команда қатысты. Турнир қорытындысы бойынша «Үздік спикер», «Үздік төреші» атағын иеленген турнир жеңімпаздарына естелік сыйлықтар, грамоталар және алғыс хаттар тапсырылды.