- Негізгі бет
- Жаңалықтар (Страница 20)
Жаңалықтар
-
Балаларды қорғау күні қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры балабақша тәрбиеленушілеріне кітаптар сыйға тартты
28 Мамыр 2014
Балаларды қорғау күні қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астана қаласында жаңадан ашылған № 76 балабақшасының тәрбиеленушілеріне қазақ тіліндегі кітаптар пен дискілер сыйға тартты.
-
Қазақстандық жастардың 70 пайыздан астамы мемлекеттік тілде еркін сөйлейді
19 Мамыр 2014
Мемлекеттік тілді дамыту қоры жастар арасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында «www.soyle.kz» интернет-порталының парақшасында әлеуметтік сауалнама өткізді. Сауалнамаға қатысушыларға мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне қатысты бірнеше жауап нұсқалары ұсынылды.
-
Мемлекеттік тілді дамыту қоры оқушылар арасында «Батырлардан өнеге» атты батырлар жырларын мәнерлеп оқу сайысын өткізді
4 Мамыр 2014
2014 жылғы 24 сәуірде Астана қаласының № 2 Қосшы орта мектебінде Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Алдаспан» қоғамдық қорымен бірлесіп, Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған «Батырлардан өнеге» атты 5-10 сынып оқушылары арасында батырлар жырларын мәнерлеп оқу сайысын өткізді.
-
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Soyle.kz»-мен бірге қазақша үйренеміз» атты фотобайқау жарияланады
28 Сәуір 2014
Мемлекеттік тілді дамыту қоры барлық қазақстандықтарды «Soyle.kz»-мен бірге қазақша үйренеміз» атты фотобайқауға қатысуға шақырады. Байқаудың мақсаты қазақстандықтардың мемлекеттік тілді үйренуін ынталандыру. Ең үздік фотосуреттер www.soyle.kz интернет-порталының бас бетіне қойылады.
-
Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесі қарсаңында «Батырлардан өнеге» атты батырлар жырларын мәнерлеп оқу сайысы өтті
19 Наурыз 2014
2014 жылғы 18 наурыз күні Астана қаласы № 8 орта мектебінде Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астана қаласы білім басқармасы мен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты және «Алдаспан» қоғамдық қорымен бірлесіп Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесі қарсаңында «Батырлардан өнеге» тақырыбында 5-8 сынып оқушылары арасында өткен батырлар жырларын мәнерлеп оқу сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін […]
-
Н.Назарбаев: Қазақстан Қазақ елі деп аталуы мүмкін
10 Ақпан 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикамыздың ресми атауы Қазақ елі болып өзгеруі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол Атырау облысына жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Серік Ахметов тілдерді дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар беруді тапсырды
5 Ақпан 2014
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі Комиссия отырысын өткізді. Отырысқа «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек, орталық атқарушы органдардың басшылары, Парламент депутаттары, лингвист-ғалымдар қатысты. Комиссия мүшелері мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың тиімділігіне талдау жүргізу мәселесін талқылап, сондай-ақ мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, қазақстандықтардың тіл мәдениеті деңгейін көтеру, лингвистік […]
-
Алғашқы бір айдың ішінде «www.Soyle.kz» порталына кірген пайдаланушылар саны 30 мыңнан асты
20 Қаңтар 2014
Өткен жылы, желтоқсан айының соңында Астанада Мемлекеттік тілді дамыту қоры қазақ тілін онлайн режимінде тегін оқытатын «www.Soyle.kz» интернет-порталын ашқан болатын. Жоба Мемлекеттік тілді дамыту Қорының бастамасымен «Қазақстан — 2050» Стратегиясында айтылған міндеттерді орындау мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры мен «Samsung Electronics Kazakhstan and Central Asia» Компаниясының қолдауымен жүзеге асқан болатын.
-
Елбасы: Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды
17 Қаңтар 2014
АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат — «Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді».
-
«Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы»
8 Қаңтар 2014
Ақыл-ой және рухани дамудың, қарым-қатынастың құралы ретінде қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылық танытқан дарынды оқушыларды қолдау және анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен өзге ұлттың 5-10 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» VIII республикалық қашықтық олимпиадасын өткізді.