Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Мемлекеттік тілді дамыту қоры оқушылар арасында «Батырлардан өнеге» атты батырлар жырларын мәнерлеп оқу сайысын өткізді

4 Мамыр 2014 | 6:05

2014 жылғы 24 сәуірде Астана қаласының № 2 Қосшы орта мектебінде Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Алдаспан» қоғамдық қорымен бірлесіп, Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған «Батырлардан өнеге» атты 5-10 сынып оқушылары арасында батырлар жырларын мәнерлеп оқу сайысын өткізді.
Байқаудың мақсаты өскелең ұрпақтың бойына батыр бабаларымыздың ерлік дәстүрлерін, рухани-парасаттылық, патриоттық құндылықтарын қалыптастыру, мемлекеттік тіліміз бен төл тарихымызды құрметтеуге баулу, оқушылардың көркем сөйлеу шеберлігін арттыруға ықпал ету және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сайысқа қатысушылар «Алпамыс батыр» жырынан үзінділер жатқа айтумен қатар арнайы сахналық көріністер көрсетті.
Қазылар алқасының шешімімен үздік нәтижеге 4-5 және 6-7 сынып оқушылары арасында Қазтай Абдуррахман мен Тоқболат Ақманат қол жеткізсе, екінші орынды Такерова Насихат пен Абишева Мадина, ал үшінші орынды Мандыбекқызы Мөлдір мен Тұрдыев Мади иеленді. 9-10 сынып оқушылары арасында сахналық көріністе бірінші орынға №67 гимназия мектебі және екінші орынға №2 Қосшы орта мектебі ие болды.
Байқау жеңімпаздары Қордың арнайы дипломдары мен сыйлықтарына ие болды.

Мемлекеттік тілді дамыту
қорының баспасөз қызметі