Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесі қарсаңында «Батырлардан өнеге» атты батырлар жырларын мәнерлеп оқу сайысы өтті

19 Наурыз 2014 | 9:46


2014 жылғы 18 наурыз күні Астана қаласы № 8 орта мектебінде Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астана қаласы білім басқармасы мен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты және «Алдаспан» қоғамдық қорымен бірлесіп Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесі қарсаңында «Батырлардан өнеге» тақырыбында 5-8 сынып оқушылары арасында өткен батырлар жырларын мәнерлеп оқу сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізді.
Байқаудың мақсаты өскелең ұрпақты батырлар жырын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру, жас буынды елжандылыққа, елдік санаға баулу, батырлар үлгісімен шәкірттерді көркем мінезге, батырлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Байқау талабы бойынша сайысқа Астана қаласының әр мектебінен бір оқушыдан қатысты. Оқушылар батыр бабаларымыз «Алпамыс батыр» мен «Қобыланды батыр» жырларынан үзіндіні жатқа айтумен қатар арнайы сахналық көрініс ретінде мәнерлеп оқыды.
Қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен үздік нәтижеге №48 мектеп-лицейінің оқушысы Мықтыбек Әділ қол жеткізсе, екінші орынды №70 мектеп-лицейінің оқушысы Зияда Бақытқалиев пен №48 мектеп-лицейінің оқушысы Мырзағозы Абылайхан, ал үшінші орынды №71 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Диана Айтжанова мен №25 орта мектебінің оқушысы Балауса Абдуахит иеленді. Байқау жеңімпаздары Қордың арнайы сыйлықтарына ие болды.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының
баспасөз қызметі