Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Алғашқы бір айдың ішінде «www.Soyle.kz» порталына кірген пайдаланушылар саны 30 мыңнан асты

20 Қаңтар 2014 | 8:14


Өткен жылы, желтоқсан айының соңында Астанада Мемлекеттік тілді дамыту қоры қазақ тілін онлайн режимінде тегін оқытатын «www.Soyle.kz» интернет-порталын ашқан болатын. Жоба Мемлекеттік тілді дамыту Қорының бастамасымен «Қазақстан — 2050» Стратегиясында айтылған міндеттерді орындау мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры мен «Samsung Electronics Kazakhstan and Central Asia» Компаниясының қолдауымен жүзеге асқан болатын.

Ашылған күннен бергі аз уақыт ішінде порталға еліміздің барлық аймақтарынан және РФ, ҚХР, АҚШ сияқты шет мемлекеттерден 30 мыңнан астам пайдаланушы кірген болса, тіркеліп оқып жатқандардың саны 5 мыңнан асты.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры, онлайн курс идеясы мен концепциясының авторы Азат Шауеев: «Қазақ тілін үйрететін «www.Soyle.kz» интернет-порталының мақсаты қазақ тілінің қоғамдық қызметін кеңейту, тілді тиімді әдіс-тәсіл арқылы үйрету және интернетті пайдаланушылардың өз бетімен білім алуын ұйымдастыру болып табылады. Бағдарламада тілдік құзыреттің барлық түрі: сөйлесім, айтылым, оқылым, жазылым әрекеттері толық қамтылған. Тілді меңгеру деңгей бойынша оқытуға негізделген және кезең-кезеңмен жүзеге асырылады (қарапайым, базалық, орта деңгей, ортадан жоғары, жоғары). Бүгінгі таңда дүние жүзінде 5 млн. астам қазақ тұрып жатыр. Қазақ тілін үйренгісі келетіндер алыс-жақын шетелдерде де көп. Келесі жылы біз осы порталда ағылшын тілді пайдаланушылар мен шетелдегі қандастарымызға арналған оқыту бағдарламасын жасауды жоспарлап отырмыз. Дистанциялық оқыту мен инновациялық әдіс-тәсілдер көптеген отандастарымызға мемлекеттік тілді үйренуге мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламасы тәулік бойы жұмыс істейді және барлық үйренушілер үшін тегін. Оқуды бастау үшін алдымен «www.Soyle.kz» сайтына кіріп, тіркелу керек. Арнайы әзірленген материалдар қазақ тілін тиімді әдіс-тәсілдер арқылы жедел меңгеруге және тіл үйренушілердің өздері алған білік-дағдыларын күнделікті өмірде еркін пайдалана алуға мүмкіндік береді. Жобада үйренуге тиімді оқу материалдары мен ақпараттық жүйедегі жаңаша мультимедиялық мүмкіндіктер (графикалық суреттер мен анимация түрлері, аудио және бейне материалдар) үйлестіре берілген.

Біздің портал үнемі жаңа сабақтармен, материалдармен толықтырылып отырылады, сондықтан да сіздер бас беттің жоғарғы жағында орналасқан бөлімдерге ену арқылы жаңа материалдар туралы ақпарат алып отырасыз.