АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат — «Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді».
«Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Қазақ тілін даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн»- деп мәлімдеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнап кезекті Жолдауын жариялау кезінде.
inform.kz
17.01.2014