Ақыл-ой және рухани дамудың, қарым-қатынастың құралы ретінде қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылық танытқан дарынды оқушыларды қолдау және анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен өзге ұлттың 5-10 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» VIII республикалық қашықтық олимпиадасын өткізді.
Олимпиадаға 5-10 сыныптарда оқитын өзге ұлт өкілдерінің оқушылары қатысты. Олимпиада екі кезеңде өткізілді:
On-line режиминде өткен I кезеңге 2619 оқушы қатысты.
2014 жылдың 5 — 6 қаңтарындағы қашықтық кезеңінің қорытындысы бойынша көп балл жинаған қатсушылар Астана қаласында өтетін соңғы кезеңге шақырылды.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешімімен «Дарын» РҒПО I, II, III дәрежелі дипломдар және грамоталарымен марапатталды.
Барлық қатсушыларға Мемлекеттік тілді дамыту қорының ескерткіш сыйлықтары табыс етілді.
Олимпиаданың салтанатты жабылуы және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау Ақмола облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған № 2 мектеп-интернатында 2014 жылдың 6 қаңтарына өткізілді.
Мәдени іс-шаралар аясында олимпиадаға қатысушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің мұражайын, «Бәйтерек» монументін тамашалады.
- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы»
«Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы»
8 Қаңтар 2014 | 6:34