Мемлекеттік тілді дамыту қоры барлық қазақстандықтарды «Soyle.kz»-мен бірге қазақша үйренеміз» атты фотобайқауға қатысуға шақырады. Байқаудың мақсаты қазақстандықтардың мемлекеттік тілді үйренуін ынталандыру. Ең үздік фотосуреттер www.soyle.kz интернет-порталының бас бетіне қойылады. Байқау талаптары бойынша қатысушылар порталдың презентациялық бөлігіне иллюстрация ретінде қоюға өз фотосуреттерін жіберуі керек. Байқау туралы қосымша ақпаратпен Soyle.kz порталында, Қордың ресми сайтында — qazaq-found.kz, ВКонтакте – vk.com/soyle_kz және Facebook прақшаларында — on.fb.me/1mIhFZR танысуға болады.
Еске сала кетсек, өткен жылдың аяғында Қор Қазақстанда тұңғыш рет қазақ тілін онлайн режимінде тегін үйрететін «SOYLE.KZ» порталын іске қосқан болатын. Ашылғалы төрт айдың ішінде порталмен еліміз бен алыс-жақын шетелдерден 70 000 астам адам танысып, 8 000-нан астам пайдаланушылар тіркеліп, қазақша үйренуге кірісті. Фотобайқау өзіңді Қазақстан мен бүкіл әлемге таныстырудың керемет мүмкіндігі.
Жеңімпаздарға белгілі жазушылардың қазақ тіліндегі аудиокітаптары сыйлыққа тартылады.
Фотосуреттер 2014 жылдың 1-мамырынан 1-маусымына дейін қабылданады.
«Soyle.kz»-мен бірге қазақша үйренеміз» атты фотобайқаудың шарттары:
1. «Soyle.kz» сайтында тіркелу
2. Фотосуреттерді төмендегі сілтемеге жіберу http://vk.com/album-62678988_193490593
Байқау талаптары:
1. Фотосуреттер порталдың бас бетіндегі «24 часа в сутки 24 урока казахского языка», «Готовые фразы и выражения», «Аудио материалы», «Видеоролики», «Справочник по грамматике», «Интерактивные упражнения и задания», «Словарные карточки», «Речевой этикет, культура и традиция», «Тестовые задания» презентациялық бөлімдеріне иллюстрация ретінде орналастырылады және сол бөлімдердің тақырыбымен сәйкес болуы керек.
2. Фотосуреттердің сапасы жоғары, JPG форматында және бұрын еш жерде жарияланбаған болуы қажет.
3. Байқауға қатысуымен үміткер оның барлық фотосуреттерін soyle.kz. порталына пайдалануға келісетіндігін растайды.
4. Фотосуреттермен бірге қатысушы аты жөні мен электрондық поштасын қоса жіберуі керек.
Мемлекеттік тілді дамыту қорының
баспасөз қызметі. Тел: 74-29-09