- Негізгі бет
- Мақалалар (Страница 12)
Мақалалар
-
Ең басты жеңісіміз – мемлекеттік тіл
30 Маусым 2012
Қазақстан дипломаттары үшін биылғы кәсіби мерекенің өзіндік ерекшелігі бар. Ол тәуелсіз мемлекетіміздің Сыртқы істер министрлігінің құрылғанына 20 жыл толуына тұспа-тұс келеді. 1992 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен құрылған Сыртқы істер министрлігі осынау тарихи қысқа мерзімнің ішінде Қазақстанның сындарлы сыртқы саясатын тиімді жүзеге асырып, халықаралық ынтымақтастықты жан-жақты дамытып, әлем мемлекеттерімен арадағы өзара […]
-
Ойы орамды Ольга
28 Маусым 2012
Қазақ журналистикасы бүгінде өзге ұлт өкілдерінің арасынан шыққан қалам ұстаған қауыммен де толығуда. Көгілдір экраннан мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілін көрсек, өз тілін өгейсітіп жүрген кей қандастарымыздың намысын оятса екен дейтін болдық. Бір жағынан бұл өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген құрметі шығар деп марқайып қалатынымыз тағы бар. Қазақтілді көрерменнің көңілінен шығып жүрген […]
-
Ұлттық мүдде тіл саясатында қатаң ескерілуі тиіс
14 Маусым 2012
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі – қазақ халқының игілігі, оның архимаңызды рухани және мәдени құндылығы, тұлғаның барлық деңгейлерде қалыптасуына қажетті фактор, басқа тілдерді меңгерудегі базалық тіл, мәдени-тілдік қоғамдастықты дамыту мен көркейтудің кепілі және күшті идентификаторы, ондағы әлеуметтік-адами қатынастарды реттеуші, жалпыадамзаттық және ұлттық білімдер, құндылықтар жүйесінің аккумуляторы және трансформаторы. Ана тілінен тамырын үзген адам […]
-
Астананың тілдік келбеті
2 Маусым 2012
Тілдің де, ұлттық мәдениеттің де болашағы балалар екендігі белгілі. Осы тұрғыдан келгенде, елорда ата-аналары өз балаларын қазақ тілінде білім алуға көптеп беруде. Мәселен, Астананың 63 балабақшасының 31-і қазақ, 32-сі аралас балабақшалар, байқап отырғанымыздай, қалада таза орыстілді балабақшалар жұмыс істемейді, жаңа балабақшалардың барлығы қазақтілді балабақшалар, бұл үдеріс жалғасын таба бермек.
-
Алдан Смайыл. Қазақ тілі ақпараттандыру тіліне айналуы тиіс
1 Маусым 2012
ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен жалпы отырыста депутат, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі Алдан Смайыл ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мырзаның атына депутаттық сауал жолдады. «Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Біздің әлеуметтік-мәдени саладағы жеңісіміз-барша қазақстандықтардың ұлттық құндылықтарды құрметтеуі, өзара сыйластық пен бауырластық. Бұл қоғамдық өмірдің барлық саласынан, оның ішінде мемлекеттік тілге деген ынта-ықыластан айқын көрінуде. […]
-
«Абай жолын» түпнұсқадан оқыдым» – дейді «Достық» жастар орталығының жетекшісі Татьяна ОБОРИНА
23 Сәуір 2012
Бұл консультативті-кеңесші құрылым 2003 жылы Махамбет атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанынан құрылған. Мұндағы «Достық» жастар орталығы ҚР Конституциясы мен республиканың басқа да нормативті-құқықтық актілеріне арқа сүйейді. Аталған жоғары оқу орнының жарғысы мен ішкі университеттік құжаттар да оның қызметіне қан жүгіртіп, бойын ширатумен келеді. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы «Достық» жастар орталығының жетекшісі Татьяна Оборина […]
-
Сұлтан ЖАНБОЛАТ, профессор, жазушы: Ұлттың тілі мен жазуы ортақ болмай, біртұтас болуы қиын
6 Сәуір 2012
Қытайда жергілікті қазақтармен әңгімелесе қалғанда, олардан қазақ тіліндегі кейбір өзгешеліктерді байқамау мүмкін емес. Тіпті теледидар, радио хабар жүргізушілері, қазақ зиялы қауым өкілдері де басқаша мақаммен сөйлейтіндей көрінеді. Профессор, жазушы, Шыңжаң университетінің бұрынғы проректоры, «Үлес» сыйлығы (ҚХР) мен «Достық» орденінің (ҚР) иегері Сұлтан Жанболат әлем қазақтарының тілінде диалектілер пайда бола бастағанын және бұл ұлттың тұтастығы үшін […]
-
Кейде осы мен қай ұлттың өкілімін деп ойланып қаламын – дейді «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі Майя ВЕРОНСКАЯ
2 Сәуір 2012
Таңмен таласып жаңа туған күнмен қазақ елін оятып, көрермендеріне жарқын көңіл-күй сыйлайтын «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасының жүргізушісі Майя Веронскаяны білмейтін адам кемде кем шығар. Бір риза боларың, үш сағаттық тікелей эфирде сан алуан тақырыпты қамтып, танымал тұлғалар, өнер адамдары, саясаткерлермен әңгіме өрбіткенде сөзінен жаңылмай, өзін еркін ұстап, әңгімелесіп отырған адамды жетелеп отырады. Басқа […]
-
Тіліңді біл, қадірлеп жүр
25 Ақпан 2012
23.02.12. Қай халық болсын өзінің ой-санасын болмысты қабылдауға, айнала қоршаған әлемді сезініп, түйсінуге тек ана тілінің құралдарымен жеткізе алады. Тіл — қашанда ұлттың ең асыл құндылығы, қымбат қазынасы. Рухани кемелденетін ел тілін түлетеді. Тілінің тамырын тереңдетеді.
-
Ұлт ұстазы – Ахмет… ғафу ет
21 Ақпан 2012
Халқымыздың ұлт болып қалыптасуына ерекше үлес қосқан Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы осыдан 100 жыл бұрын жарық көрген «Тіл – құрал» оқулығында: «Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен, әдебиет тілін өркендету керек.