Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Ұлт ұстазы – Ахмет… ғафу ет

21 Ақпан 2012 | 9:58


Халқымыздың ұлт болып қалып­тасуына ерекше үлес қосқан Алаш арысы Ахмет Бай­тұр­сынұлы осыдан 100 жыл бұрын жарық көрген «Тіл – құрал» оқулығында: «Өзіміздің еліміз­ді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен, әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай ала­тын­дығын біз ұмытпауға тиіспіз. Бұл мә­се­леде біздің халқымыз оңды емес. Осы күні орыс школы мен татар мектептерінде оқып жатқандар қазақ тілін елеусіз қылып, хат жазса, өзге тілде жазып, қазақ тілінен алыстап ба­рады. Бұл, әрине, жаман әдет. Егер тілге осы көзбен қарасақ, табиғат заңына бағын­бай, біздің ата-бабаларымыз мың жасамаса, ол уақытта тілмен де, сол тілге ие болған қазақ ұлтымен де мәңгі қоштасқанымыз деп білу керек. Егер осыны істегіміз келмесе, осы бастан тіл, әдебиет жұмысын қолға алып, өркендететін уақытымыз жетті» депті. Асыл азаматтың осы дана сөзі қазір де күшін жоя қойған жоқ. Әйтсе де ілгері басқан істер баршылық.
Жоғарыда айтқан ұлт ұстазының «Тіл – құрал» еңбегінің жарық көруінің 100 жыл­ды­ғына орай «Мемлекетшілдік мұрат және тіл тағылымы» атты дөңге­лек үстел өткен аптада болған еді. Онда алғашқы сөзді Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Д.Қамзабекұлы алып, мемле­кет­шіл­дік туралы өз байламдарын айта келіп, қазақ студенттерін оқулықпен қамтамасыз ету 20 пайыз ғана қам­ты­лып отырғанын, оқу орнының өз күшімен өткен жылы 30 оқу құ­ра­лы жарық көргенін айтты. Ал Астана қа­ласы Тілдерді дамыту басқармасының бас­ты­ғы Е.Тілешев осы дөңгелек үс­телді ұйым­дас­тыру арқылы тіл та­ғылымын қалыптастыру жайын қозға­са, Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігі Тіл комитетінің төрағасы Ш.Құр­ман­байұлы Ахмет Байтұрсынұлының артында қалған бай мұрасына, оның ішінде тіл мен білім беру ісіне қатысты еңбектеріне жан-жақты тоқталды. Парламент Мәжілісінің депутаты А.Смайыл тілді зерттеп-зерделеу жайын алға тартып, бәрін үйлестіріп отыратын бір құрылым керек десе, тағы бір Мәжіліс депутаты Р.Халмұратов өзге тілді мек­теп­терді, оның ішінде орыс мектебін бітірген жас­тардың қазақ тілінен хабарсыз болса да орта білім аттестатын жақсы бағамен алатынын, тіл үйрету орталықтарына 50-90 мың теңге шы­ғындап оқитын мемлекеттік қызмет­кер­лер­дің «талпынысында» көзбояушы­лық­тың болатынын атап айтты. Ал Мә­жіліс депутаты О.Асанғазықызы «Мем­­лекеттік тіл туралы» заң қабылдайтын, тілге бөлінген қаржының сұрауын сұрайтын уақыттың жеткенін, жал­ған ақпараттың жолын кесу қажеттігін, кей­бір лауазымды мекемелерде қазақ тілі­нің тағ­ды­ры 5-6 аудармашының енші­сіне беріліп қой­ғанын, тек солар жауаптыдай көрінетінін атап айтты. Профессор С.Батыршаұлы бұған дейін де екі рет тіл туралы бағдарламаның қабыл­дан­ғанын, Елбасы бақылауында тұрған жаңа бағдарламаны мүлтіксіз орындау үшін нақты жұмыс істеу керектігін, тіл үйрену жөніндегі тәжірибелер бойынша оны білуге 4-5 жыл уақыт керек бол­са, «Біздің 30 жылға созып отыр­ғанымыз қалай?» деген сұрақты алға тар­тып, 10 жыл ішінде кімдер қанша пайыз үй­ренетінін анықтап алмасақ ертең кеш болады, қазір өзге тілді мектептерде бұл іс қоз­ғау­сыз жатыр, ондай жағдайда 11 жылдан кейін мектепті бітірген бала тағы да қазақ тілінен мылқаудың күйін кешіп шығары сөзсіз, деп сөз аяғын түйді. Тіл жанашыры, журналист С.Шүкірұлы ұлтқа қызмет етудің үлгісін Ахмет Байтұрсын­ұлы­ның көрсеткенін, «Осы кісі секілді іс істей алмай жүргеніміз қалай?» деген сұрақты ортаға тастап, латынға көшу жөніндегі пікірін де білдіре кетті. Белгілі ғалым Н.Қалиев ХХ ғасырда Ғабит Мүсірепов тіл туралы аталы сөз айтқанын, ХХІ ғасырда да сондай бір елдік тұрғыда ерлік жасайтын тұлға көрінбей отырғанын еске салып, «Біз тіл жайын ойлайтын жас ұр­пақты қалыптастыра алдық па? Ахмет рухына адалдық танытып, тіл жөніндегі Алаш өсие­тін іске асырып жүрміз бе?» деп ендігі жерде тіл мәселесіне жазушылар, журналистер, өзге де азаматтар ғана атсалысып қой­май, заңгерлер де қатысуы керек. Себебі, тіл туралы мә­се­ле қозғалғанда заңдық жа­ғынан талас-тартыста табандап тұрып қорғап шы­ға­тын заңгер қажеттігін көріп жүрміз. Мен оған бір мысал келтіре кетсем деймін. Мә­жіліс депутаты болып жүрген кезімде «Тіл туралы» заң талқылан­ғанда, қазақтың айтулы азаматы Өмір­бек Жолдасбеков егер қазақтар мемле­кет­тік тілді бес жылда, өзгелер он жылда меңгерсін деген талап қойма­сақ, тіліміз өркен жаймайды деген мә­се­лені көтергенде, бұл адам құқығына нұқсан келтіреді дегендер болған. Сөй­тіп, амалсыз болса да барсақ деген қадамға тосқауыл қойылған. Біз ұрпақ­тың санасына мемлекеттік тілдің құді­ретін бесіктен сіңіруіміз керек. Көрші ел өзбектер жастардың мемлекеттік тілді білуі туралы мониторинг жүр­гізгенде тоқсан пайызы жетікпіз деп жауап беріпті, деді.
Жалпы, дөңгелек үстелде мем­ле­кеттік тіл­дің тағдыры туралы мәселе аз айтылған жоқ. Әсіресе, Үкімет оты­рыстарының, ми­нистр­лік­тердің жиындары ресми тілге бейім тұ­ратынын, осыны азайтудың бір жолы ретінде теледидардағыдай елу де елуге көшірсек деген ұсыныстар біл­дірілді. Сол секілді қу тілден қуыр­дақ қуыра бермей, «Өз тілімен сөй­лес­кен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта… жоғал­май­ды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады» деген Ахмет сөзін ту етіп көтеріп, әр­кім отбасы, ошақ қасында қазақ тілінің мәр­тебесін арттырса, бүгінгідей ұзын ар­қау, кең тұсаудан құтылып, арман-тіле­гі­ңізді біраз­ға создық, енді бәрі орнына кел­ді. «Ұлт ұстазы Ахмет… ғафу ет» дер едік деп дөңгелек үстелге қатысушылар ой түйіндеді.

Сүлеймен МӘМЕТ.

«Егемен Қазақстан»