Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Астананың тілдік келбеті

2 Маусым 2012 | 6:00


Тілдің де, ұлттық мәдениеттің де болашағы балалар екендігі белгілі. Осы тұрғыдан келгенде, елор­да ата-аналары өз балаларын қазақ тілінде білім алуға көптеп беруде. Мәселен, Астананың 63 балабақшасының 31-і қазақ, 32-сі аралас балабақ­шалар, байқап отырға­ным­ыз­дай, қалада таза орыс­тілді балабақшалар жұ­мыс істемейді, жаңа ба­ла­бақшалардың барлығы қазақтілді балабақшалар, бұл үдеріс жалғасын таба бермек.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуде Тіл басқармасы мемлекеттік қызметкерлермен бірге, балабақша тәрбиешілеріне, мектеп мұғалімдеріне, ұлттық орталықтар өкілдеріне, жастарға, дәрігерлерге тіл үйрету курстарын ұйымдас­тырады. Ол бүкіл елімізде қамтылған үдеріс болғанымен Астана қаласында мемлекеттік тапсырыс арқылы үш мыңға жуық тыңдаушы қамтылған, бұл қай өңірдегі мөлшерден де бірнеше есе артық. Сондай-ақ, Басқарма жанында екі орталықтың болуы да елордада тіл мәселесіне айрықша көңіл бөлінетіндігін аңғартса керек. Бұл орта­лықтар курстар жүргізумен бірге ересектерге тіл үйретудің әдістемесін жасауға өзіндік үлес қосып келеді деп сеніммен айтуға болады. Өйткені, «Руханият», «Зерде» оқыту орталықтарының оқу-әдістемелік құралдары республикамыздың бірнеше өңірлерінде қолданылып жүр. Сондай-ақ орталық авторлары дайындаған «Ғажайып қазақ тілі», «Тілашар», «Көңілді қазақ тілі» атты мультимедиалық бағдарламалар қазіргі инно­вациялық талаптарға сай дайындалған құралдар болса, «Үш деңгейлік қазақ тілі» оқу құралы және балаларға арналған «Суретті қазақ тілі» тіл үйренушілердің қатысымдық құзіреттілігін қалыптастыруға жарайтын дүниелер. Тіл үйрету саласындағы елорданың өзіндік жаңалық ретінде әлемге кеңінен таралған «25 кадр тиімділігі» бағдарламасының қазақ тілін үйретуге арналған нұсқасын айтуға боларлық.

Астана басқармасының және бір ерекшелігі – ол көше мерекелерін ұйымдастыру. Осы шараның ауқымында Керей мен Жәнібек хандарға, Бөгенбай батырға, Кенесары ханға, Ә.Бөкейханға, М.Шоқайға, Б. Момыш­ұлына, т.б. ірі тұлғаларға арналған көше мерекелері ұйымдастырылып, көпшіліктің қызығушылығын оятты.

2 маусым, 2012 «Егемен Қазақстан» газеті
Ербол ТІЛЕШОВ,
Астана қаласы тілдерді дамыту басқармасының бастығы