- Негізгі бет
- Мақалалар (Страница 11)
Мақалалар
-
Интернетті қазақ тілінде сөйлету керек
18 Қыркүйек 2012
Алматыдағы Достық үйінде «WikiBilim» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Интернет желісінде қазақ тілді мазмұнды дамыту және насихаттау» деген тақырыпта семинар-тренинг болып өтті. Жиынға Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Тіл комитеті төрағасының орынбасары Шерубай Құрманбайұлы, Алматы қалалық Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Мамай Ахетов және қазақстандық блогерлер қатысып, интернетті қазақ тілінде сөйлету барысындағы қол жеткен жетістіктермен қоса, алдағы уақытта […]
-
«Періште тілек» бала Жамбылдың тұңғыш жинағы
13 Қыркүйек 2012
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қорында еліміздің тоғыз жастағы ең жас ақыны Жамбыл Дүйсенұлының «Періште тілек» атты тұңғыш өлеңдер жинағының тұсауы кесілді. Шын мәнінде, жаңа туған күндей жарқырап шыққан жас ақын Жамбылды бүкіл тілеулес елі-жұртына, байтақ Қазақстанға жар сала таныстырып, зор сүйінішпен аталық ақ батасын беріп алғаш тұсауын кескен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі болатын. […]
-
Алла ПЛАТОНОВА: Қазақ тілін үйренуді қашанғы кейінге шегереміз?
6 Қыркүйек 2012
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің 4-курс студенті, болашақ журналист Алла Сергейқызы Платонованың мемлекеттік тілге жүйріктігі кез келген қазақтан кем соқпайды. Ол тіпті республикаға танылып үлгерді. Қостанай өңіріндегі көптеген байқаулардың жүлдегері. Кісіні жатырқамайтын, ойын бүкпей ашық айтатын Алламен әңгімелесудің өзі бір ғанибет. — Алла, өзіңді Арқалықта жұмыс істеп жүрген кезіңнен білетінмін. Жақында Қостанайдағы тіл мәселесіне […]
-
«Қазағым барда мен бармын»
5 Қыркүйек 2012
Жағым талғанша қазақтың ғажап тілі жөнінде «біреулермен қарап жүріп таласам, біреулерге жол көрсетіп қарасам, біреулердің бетіне айтып кінәсін, ақиқатқа өз әлімше жол ашам» деп, тіліміздің ақ қанат қорғаушысы болып жүрген белгілі ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры» қамқоршылар кеңесінің мүшесі, «Мемлекеттік тілге – құрмет» қоғамдық бірлестігінің, Алматы облыстық әзербайжан […]
-
Мария Кузьмина, «Лениногор» кеден бекетінің маманы: Тіл үйренуіме достарым көмектесті
5 Қыркүйек 2012
Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті «Лениногор» кеден бекетінің маманы Мария Кузьмина өз міндеттерін абыроймен атқара жүріп, мемлекеттік тілді меңгеруді де алдына мақсат етіп қойған. Бұған айқын дәлел – қала, облыс көлемінде қазақ тілінен өткен байқаулардың бас жүлдесін бермейтін Марияның бағындырған биік белестері жетерлік. «Риддер қаласындағы А.С.Пушкин атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, […]
-
Бәрі өзімізге байланысты
27 Тамыз 2012
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп мемлекеттік тілдің бағытын айқындап берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «мемлекеттік қызметкерлердің қабілет-қарымдысына, соның ішінде қазақ тіліне қамшы салдырмайтындарына жан-жақты қолдау көрсетуіміз керек. Әсіресе, мемлекеттік қызметке кірген қазақ қазақша сөйлеуі керек. Болмаса, басқа ұлттың өкіліне қалайша мұндай талап қоя аламыз. Әрбір министрлік, әкімшіліктер мемлекеттік тілге барынша қолдау көрсетіп, ынталыларға көмекті аямау […]
-
Өз тілін өгейсіткен халықтың түбі өксікпен өтпесіне кім кепіл?
27 Тамыз 2012
Тақырыпқа қарап, е, баяғы қазақ тілінің бітпейтін мұңы екен ғой деп қалмаңыз. Өз тілін өгейсітетін бізден басқа да халықтар бар екен… Жуырда жол түсіп, Беларусь Республикасына барып қайттық. Белоруссияда жергілікті халықтың үлесі 80 пайыздан артық, демек, өз тілдерінде сақылдатып-ақ жүретін жұрт. Бірақ ондай болмай қапты… Өз қағынан жеріген құланша бұлар да өзінің ана тілінен жеріп […]
-
Cыр елінің сары қызымын…
23 Тамыз 2012
Марина Вольнова, ХХХ-шы Лондон олимпиадасының қола жүлдегері: Лондондағы олимпиаданың соңғы күндерінде ел қоржынына әйелдер боксынан қола медальды салған бұл сары қыздың журналистерге қазақ тілінде сұхбат бергенін көріп, қуанғанымыз бар. Өйткені Маринаның Лондон жерінде қазақша сөйлегені біздің рухымызды биіктетті. Жанының қазақ деп соғатынын түсіндік. Шүкіршілік айттық. Спортшыларымыз елге оралғасын Елбасының өзі жүлдегерлермен жүздесіп, олимпиада жеңімпаздарының омырауына […]
-
Максим Устинов: Анам да қазақша еркін сөйлейді
17 Тамыз 2012
Максим Қостанай облысына қарасты Арқалық шаһарында дүниеге келіпті. Әкесі Николай Тимофеевичтің мамандығы – дәрігер. Бүгінде аталған қаладағы аймақтық сот-медициналық сараптама орталығында жауапты қызмет атқарады. Анасы Юлия Леонтьевнаның да есімі облысқа кеңінен танымал. Ол кезінде Арқалық қалалық әкімі аппаратының жетекшісі болып жұмыс істеді. Мемлекеттік қызметтің қыр-сырын бір кісідей біледі. Қазір сондағы педагогикалық колледждің студенттер жатақханасына басшылық […]
-
Кеңес Аухадиев, қоғам қайраткері: Қазақтың қазақтығын көрсететін — бiрiншi-жерi,екiншiсi -тiлi?
15 Тамыз 2012
Кеңес Одағының дәуірлеп тұрған кезінде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бюро мүшесі, Алматы қаласының басшысы, Алматы облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Кеңес Аухадиев мырзаның өмір жолы да бүгінгі ұрпаққа үлкен сабақ. Әже тәрбиесін көрген бала