Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Бәрі өзімізге байланысты

27 Тамыз 2012 | 9:56

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп мемлекеттік тілдің бағытын айқындап берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «мемлекеттік қызметкерлердің қабілет-қарымдысына, соның ішінде қазақ тіліне қамшы салдырмайтындарына жан-жақты қолдау көрсетуіміз керек. Әсіресе, мемлекеттік қызметке кірген қазақ қазақша сөйлеуі керек. Болмаса, басқа ұлттың өкіліне қалайша мұндай талап қоя аламыз. Әрбір министрлік, әкімшіліктер мемлекеттік тілге барынша қолдау көрсетіп, ынталыларға көмекті аямау керек», – деп нақты талап қойған болатын. Міне, осыдан-ақ, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді білу, құжаттарды сол тілде әзірлеу талабы жыл сайын күшейіп келе жатқанын аңғаруға болады. Демек, бүгінгі таңда мемлекеттік қызметкерлерге тіл үйрету мәселесінің маңызы қай кездегіден де артып отыр. Мемлекеттік қызметшілер кәсіби қарым-қатынас аясында қазақ тілін жан-жақты қолдану үшін кәсіби лексикаға бай сөздік қорды игерулері қажет.

2001 жылы Қызылорда облысы республикада бірінші болып мемлекеттік ұйымдарда іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшірген болатын. Сондай-ақ, облыс бойынша мемлекеттік қызметшілердің тіл білуі жөніндегі жауапкершілігін арттыру және соған қажетті нормативтік құқықтық актілерді, заңна­малық негіздерді жетілдіру мәселелері де облыс әкімдігінің жіті назарында. Мемлекеттік тілде ресімделетін құжаттардың сапасын арттыру мақсатында «Облыстық бюджеттен қаржы­ландырылатын атқарушы органдарда және аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінде мемлекеттік тілде ресімделетін құжаттардың сапасын арттыру туралы» облыс әкімінің өкімі қабылданды. Аталған құжат талаптарына сәйкес жергілікті атқарушы органдарда және әкімдіктерде мемле­кеттік тілде ресімделетін құжаттардың сапасы қатаң бақылауға алынды.
Облыста басқармаға қарасты Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы арқылы мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді жеделдете деңгейлік оқыту және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі» оқу кешені негізінде оқу курстары ұйымдастырылып келеді. 2009 жылдан бастап облыстық және республикалық бюджеттен қаржы­ландырылатын басқармалар мен аумақтық департаменттердегі 721 мемлекеттік қызметші мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өтіп, орталықтың сертификаттарын алды.
2014 жылы республика бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – Қазтест негізінде мемлекеттік қызметшілерден мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мақсатында сынақ жұмыстары жүргізілмекші. Осы орайда, жыл басынан бері облыстық басқармалар мен аумақтық департамент қызметкерлері және Жаңақорған, Шиелі, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандары мен Қызылорда қалалық әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері байқау сынақтарын тапсырды. Сынақ қорытындысына сәйкес «Қазтест» жүйесі бойынша оқытылуға жататын мемлекеттік қызметшілердің деңгейі анықталды.
«Мемлекеттік тілді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» нысаналы көрсеткіштерінің бірі ретінде «Қазтест» тапсырудың нәтижесі бойынша мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 2014 жылға қарай – 20 пайыз, 2017 жылға қарай – 80 пайыз, 2020 жылға қарай – 95 пайыз болуы тиіс.
Облыстық және аумақтық басқармалар мен департа­мент­тердегі мемлекеттік қызметшілердің 98 пайызы мемлекеттік тілде іс жүргізе білсе, 2 пайызы әртүрлі деңгейде түсінеді. Ал, облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктердегі мемлекеттік қызметшілердің 99,8 пайызы мемлекеттік тілде іс жүргізетін деңгейге жетті. 2012 жылдың І жартыжылдығындағы есеп бойынша шығыс құжаттарының мемлекеттік тілдегі үлесі облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктерде 100 пайызды, облыстық басқармаларда 99,5 пайызды, аумақтық департаменттер мен басқармаларда 98 пайызды құрап отыр.
Кеңес дәуірінің басында-ақ Алаш арысы Сәкен Сейфуллин «кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды» деген екен. Әрине, кеңсе тілі қазақша жүргізілмей, мемлекеттік органдардың тілі қазақшаланбай, мемлекеттік тіл өзінің тиісті мәртебесіне ие бола алмайды. Сондықтан, қазақ тілінің қоғам өмірінің бар саласындағы қолданысын қамтамасыз ете алатындай жағдайға жеткізу – баршамыздың міндетіміз.

Руслан РҮСТЕМОВ,
Қызылорда облысының тілдерді
дамыту басқармасының бастығы

Егемен Қазақстан