- Негізгі бет
- Мақалалар (Страница 7)
Мақалалар
-
Тіл – татулық тірегі
1 Маусым 2015
Астанадағы ұлттық мұражайда «Тіл – татулық тірегі!» атты республикалық кеңес болып өтті. Кеңес жұмысына Парламент депутаттары, облыстардағы Тілдерді дамыту орталықтарының өкілдері, мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компаниялардағы тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
-
Тіл білгеннің өрісі кең
5 Мамыр 2015
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына арналған ХХІІ сессиясы еліміздің ертеңі ерек екенін саралап берді. Онда тағдырын өз қолына алған қазақстандықтардың қандай қиыншылық туындаса да бірлік пен татулықтың арқасында бүкіл әлем құрметтейтін бүгінгі және келешек ұрпақ үшін жасалған зор биікке жеткеніміз баян етіліп, көп ұлтты халқымыздың біртұтас, топтасқан халыққа біріге алғанымыз – артықшылығымыз екендігі сенім […]
-
Қазақ тілін білу – міндетіміз
1 Мамыр 2015
– дейді өзге ұлт өкілдері арасында өткен олимпиаданың жеңімпазы Облыс орталығындағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университетте Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып оқу орнында өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілі пәнінен олимпиада өтті. Олимпиадаға түрлі мамандықта білім алып жатқан 15 студент қатысты. Бұл шараны қазақ тілі пәнін оқыту кафедрасы мен оқу орнының студенттік кәсіподақ ұйымы […]
-
Қазақ тілі – қалауым
9 Сәуір 2015
Мектепте оқып жүрген оқушыға албырттық, жастық тән ғой. Соңғы қоңырау соғылар мезет жақындаған сайын неше түрлі арман-қиялға беріліп, қай мамандықты таңдарымызды білмей қиналысқа түсетінбіз. Менің алдымда екі таңдау тұрды: бірі – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, екіншісі – адамдардың тыныштығын күзететін полиция қызметкері атану. Қазақ құрбыларыммен жиі ара-ласқандықтан, тұрғылықты халықтың тілін, салт-дәстүрлерін білуге құмартып […]
-
Филиппин қызы қазақ тілін үйреніп жүр
5 Наурыз 2015
Филиппиннен келген бір аза¬матшаның Таразда қазақ ті¬лін үйреніп, арнайы курста оқып жатқаны туралы әңгімені алғаш бір жиын үстінде естідім. Жамбыл об¬лыстық тілдерді дамыту басқар¬масының басшысы, қашанда қазақ тілінің шын жанашыры болып жүрген Үртай Сапаққызы осынау жайтты асқан қуанышпен айтты. Шынында, шетел азаматшасының қазақ тіліне қызығушылық танытып, уақыт бөліп, үйренуге талпынғаны бізді де қуантты. Грейс Педригал […]
-
Никита, Ксения және Богдан қазақ балабақшасына келді
17 Ақпан 2015
Аудан орталығы – Тереңкөлде жаңа балабақша ашылды. Көптен күткен қуанышты балалар мен ата-аналар үшін «НВС Строитель» серіктестігі сыйға тартты. Құрылысшылар бұрынғы интернат үйін күрделі жөндеуден өткізіп, қайта жаңартты. Балабақшаның ерекшелігі сол, мұнда кішкентайлар 1,5 жастан 3 жасқа дейін қабылданады. Тәрбиешілер бөбекжай деп атайды. Қазір аудан орталығының 33 тұрғыны үшін жаңа жұмыс орындары ашылды. Яғни балабақшада […]
-
Тілді асық ойнап жүріп үйренеді
17 Ақпан 2015
Асық ойнау, асық ату кішкентайларды ептілікке және мергендік пен дәлдікке тәрбиелей алатын ұлттық ойындардың бірі. Оны бұған дейін негізінен өз ұлтымыздың перзенттері өздеріне серік еткені белгілі. Ал еліміздегі өзге этнос өкілдерінің балалары асық ойнай ма? Бұл сауалға кім-кімде болмасын қапелімде жауап бере алмай ойланып қалатыны анық. Бұған көп тосылудың қажеті жоқ болып шықты. Орал қалалық […]
-
Ынтымағы жарасқан әулет иесі мемлекеттік тілді де меңгеріп алған
17 Ақпан 2015
Павел Маглелиді бұрыннан білетінбіз. Алайда, біздің білетініміз Павел замандасымыздың бір қыры ғана екен. Онымен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі ретінде әртүрлі жиындарда кездесіп, белсенді адам ретінде танитынбыз. Әсіресе, қазақшаға судай болгар жігітінің мемлекеттік тілдің жанашыры екеніне де қанық едік. Мерзімді басылымдарда өзге ұлт өкілдерін қазақ тілін үйренуге шақырған мақалаларын оқып, ішіміз жылып қалатын. Кездесе қалсақ, «сәлеметсізбесінен» […]
-
Айтыстың (iTys) сөз додасы– қазақ тілінің қарымын арттыру, қолданыс аясын кеңейту
11 Желтоқсан 2014
Жыл сайын қазақстандықтарды өзінің тың жобаларымен, жақсы жаңалықтарымен қуантып отыратын Мемлекеттік тілді дамыту қоры биылғы қараша айында тағы бір ұлттық өнім – «Айтыс» (iTys) атты отандық мессенджердің тұсаукесерін өткізді. Қор директоры Азат Шәуеевті көпшілік қолдауына ие болып, ықыласпен қабылданған жаңа жобалардың болашақ дамуы мен алдағы жоспарлары туралы әңгімеге тартқан едік. – «Жақсы сөз жаныңды жадыратады», […]
-
Қазақтілді сайттар дамып келеді
23 Қазан 2014
Алматы қаласы «Қазақстан» қонақүйінің мәжіліс залында «Қазконтент» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен «Жаңа медиа: БАҚ баспасының эволюциясы» атты тақырыпта конференция өтті. Конференцияға танымал журналистер, сайт жетекшілері, сарапшылар мен блогерлер қатысты. Жиынды ашқан «Қазконтент» АҚ Басқармасының төрағасы Айдос Қыдырма бүгінгі таңда дәстүрлі баспасөзбен қатар электронды басылымдардың да дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл орайда «Қазконтент» басқармасы еліміздегі қазақ […]