Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Тіл білгеннің өрісі кең

5 Мамыр 2015 | 9:18

333Қазақстан халқы Ассам­блеясының 20 жылдық мерейтойына арналған ХХІІ сессиясы еліміздің ертеңі ерек екенін саралап берді. Онда тағдырын өз қолына алған қазақстандықтардың қандай қиыншылық туындаса да бірлік пен татулықтың арқасында бүкіл әлем құрметтейтін бүгінгі және келешек ұрпақ үшін жасалған зор биікке жеткеніміз баян етіліп, көп ұлтты халқымыздың біртұтас, топтасқан халыққа біріге алғанымыз – артықшылығымыз екендігі сенім туғызады.

Біздің күшіміз осында. Соның бір көрінісі ретінде Елбасы қазақ тілін үйреніп жүргендерге алғыс білдіре келіп, мемлекеттік тілдің дамуы әрқашанда маңызды екенін айтты.

Бұл орайда барша ұлт өкілін бауырына басқан тұғыры биік еліміз осы татулық пен келісімнің арқасында әлі талай асқаралы белестерді бағындырары сөзсіз. Тек сол мақсатқа жету тілегі мен жүрегі бір берекелі халықтың еншісінде дейміз. Соның бір жарқын мысалы ретінде «Мемлекеттік тілді жоғары құрметтеу – сол тілді жан құштарлығымен үйренуден бас­талады» деген қағиданы Астана қаласы ІІД «Сарыарқа» аудандық ІІБ полицейі Николай Жгун де берік ұстаныпты.

Мемлекеттік тілді жетік білуді өмірдегі үлкен жетістік деп түсінетін Николай Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында оқушы болып жүрген кезінде-ақ қазақтың төл ақыны Абайдың шығармаларын түпнұсқада оқыған екен. Соның арқасында қазақ халқының дәстүрі мен салтын, мәдениетін кеңінен таныған. Енді, міне, ол сегіз жылдан астам уақыт бойы құқық қорғау органдарында қызмет етіп келеді. Осы жылдары көп нәрсе өзгерді. Николай шаңырақ көтерді. Интернационалды отбасы атанды. Қазақ тілін қазақтан артық білудің арқасында шығар, оның жұбайы да қазақтың қызы – Жанна. Ол да құқық қорғау органы қатарында абыройлы еңбек етіп, жол-патрульдік полиция штабының аға инспекторы, полиция капитаны. Олардың Ислам атты 6 жасар ұлы, Илана атты 3 жасар қызы және 9 айлық Имран атты тағы бір ұлдары бар. Жоғарыда айтылғандай, Ислам мен Илана қазақ балабақшасында тәрбиеленуде. Қазақ тілін меңгеруді әрбір қазақстандықтың қасиетті парызы деп санағандықтан, балаларын бүлдіршін кезінен мемлекеттік тілге баулығанды жөн көреді. Тілді құрмет тұтумен қатар, халқымыздың дәстүрін жоғары бағалайды.

– Қоғаммен араласуда мем­лекеттік тілді жетік білген жөн. Өйткені, қоғамдық тәртіпті қор­ғау – жауапты іс. Көмек сұрап та­лай азаматтар жолығып жатады. Мен олармен қазақ тілін­де тілдескенімде, олардың кейбі­реу­лері қазақ тілін қайдан білетінімді сұрайды. Мен Қазақстан азаматымын, өз елімнің тілін білмесем ұят емес пе деп жауап қайтарамын», дейді Николай. Иә, тіл білгеннің өрісі кең деген осы.

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан».

Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/05/05/60822