Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақтілді сайттар дамып келеді

23 Қазан 2014 | 10:55

Алматы қаласы «Қазақстан» қонақүйінің мәжіліс залында «Қазконтент» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен «Жаңа медиа: БАҚ баспасының эволюциясы» атты тақырыпта конференция өтті. Конференцияға танымал журналистер, сайт жетекшілері, сарапшылар мен блогерлер қатысты.
Жиынды ашқан «Қазконтент» АҚ Басқармасының төрағасы Айдос Қыдырма бүгінгі таңда дәстүрлі баспасөзбен қатар электронды басылымдардың да дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл орайда «Қазконтент» басқармасы еліміздегі қазақ тілді ғаламторды дамытуға айрықша көңіл бөліп отырғанын жеткізді.
«Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп газеттермен бірге олардың сайт нұсқаларын қатар дамыту жөнінде сөз қозғады. «Казахстанская правда» газеті инернет-редакциясының бас редакторы Дана Саудегерова «Қазақстандағы конвергентті журналистика» тақырыбында баяндама жасады. Өңірлік ақпараттық құралдарда мультимедиалы редакция құру мүмкіндіктері жөнінде өз көзқа-растарымен бөліскен медиа-жат¬тықтырушы Асхат Ер¬кім¬бай облыстық, аудандық басылымдарды электронды нұсқада ілгерлету мәселелеріне мән берді. «Ана тілі» газеті тіл мәсе¬лелері бөлімінің редакторы Дәуір¬жан Төлебаев ғаламтордағы мем¬лекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге байланысты өзекті мәселелерді ортаға салды.
«Қаламгер-Азамат» жас тілші¬лер қоғамдық қорының төрағасы Айдар Қырықбай жасөспірімдер мен балаларға арналған контент¬тің ғаламтор желісінде дамуы жө¬нінде ой қозғады. Сонымен қатар Сабина Серікова, Бақытжан Бұхар¬баев, Анна Осипова, Жанна Ақтаева және т.б. маман¬дар Қазақстан сайттарының көп¬теген мәселелері жөнінде өз пікірлерімен бөлісті. Әл-Фа¬ра¬би атындағы Қазақ ұлттық уни¬верситеті Журналистика фа¬культетінің Баспа және элек¬трон¬дық БАҚ кафедрасының мең¬ге¬рушісі Гүлмира Сұлтанбаева жаңа медиа нарығына мамандар даярлау мәселесіне назар аударды.
Конференция әрі қарай секциялар бойынша жалғасын тапты. Онда сайт мамандарының, блогерлердің шеберлік сыныптары өткізіліп, интернет басылымдарды заман талабына сай дамыту жөнінде пайдалы кеңестер айтылды.

http://anatili.kz

М.Амантай