- Негізгі бет
- Мақалалар (Страница 6)
Мақалалар
-
Қазақша сөйлейтін америкалықты қазақ тілінің болашағы толғандырады
29 Қаңтар 2016
Бұл мейірімді америкалық азамат Қазақстанға келген сайын, өзі айтпақшы кішігірім «жанжал» шығарғанды жақсы көреді. Ол мейрамханаға барса, қазақ тілінде жазылған мәзірді талап етеді. Ол егер болмай шықса, шетел азаматы даяшыны сөгіп, оның қазір Қазақстанда жүргенін есіне салады.
-
Еліміздің мемлекеттік тілі — халықты біріктіруші күш
24 Қараша 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат — Елімізде қазақ тілінде білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың үлес салмағы едәуір артқандығы белгілі. Яғни, бұл тұрғыда қазақ мектептерінің беделі артып отыр. Атап айтқанда, бұл тұрғыда ана тілге деген құрметтің оянғанын білдіреді. Бұдан бөлек, ел халқы Қазақстандағы бірлік пен достық идеясы аясында мемлекеттік тілді меңгеріп жатыр.
-
Ұлт жанының жанашыры
6 Қараша 2015
Тіл –ұлттың жаны. Ұлттың ұлт болып қалуының басты тірегі де оның ана тілінің қолданысымен тығыз байланысты екені даусыз. Тілді құрметтеудің қажеттігін: «Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте», деп қазақ поэзиясының ерекше құбылысына айналған Қадыр Мырза Әлі өз жырына арқау етті емес пе? Ана тілін құрметтейтін шын […]
-
Рухани Тәуелсіздіктің басты негізі — қазақ тілі
27 Қазан 2015
Азат Садметұлы Шауеев Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры -Кез келген ұлттың, халықтың ең басты байлығы – сол халықтың ана тілі. Үкіметтік емес ұйым болып саналатын Мемлекеттік тілді дамыту қоры да еліміздің мемлекеттік тілі, басқару тілі болып табылатын қазақ тілін дамыту, үйрету-насихаттау мәселелеріне көп жылдардан бері ұйытқы болып келеді. Елбасымыз арнайы құрған Қордың басшысы ретінде өздеріңіздің […]
-
Танымал тележүргізуші Майя Веронская ұлын қазақша тәрбиелейді
16 Қазан 2015
Қазақ тілінде бұлбұлша сайрайтын жүргізуші Майя Веронская осы қабілетімен халықтың ыстық ықыласына бөленіп келеді. Бірақ, телевизия аруының қазіргі жетістігі әкесінің бір сәттік шешімі мен ерен еңбектің нәтижесі екенін жұрт біле бермейді.
-
Евгений «Ана тілінің» белсенді оқырманы
22 Қыркүйек 2015
Жуырда Хромтау қаласында іссапармен болып, осындағы тау–кен техникалық колледж студенттеріне дәріс оқыған едім. Аталмыш оқу ордасының мұғалімдер ұжымымен танысып, араласу барысында Евгений Дадаров есімді жас жігіттің қазақша еркін сөйлеуі бірден назар аудартты. Орысша сөйлеуді мәртебе санайтын кей қандастарыма өкпем қара қазандай боп жүргенде орыс азаматының менімен туған тілімде қарым–қатынас жасауын ерекше ықылыспен қабылдадым. Содан Евгениймен […]
-
Тілден артық күш жоқ
22 Қыркүйек 2015
Ұлттың ұлылығын, мемлекеттің келбетін, биік парасатын танытуда тілден артық күш жоқ. Мәдениет те, саясат та тіл арқылы қалыптасады, тіл арқылы өмір сүреді. Тіл ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуында, бірлік-берекесінің орнығуында шешуші рөл атқарады. Сондықтан да, тіл мәселесіне аса құрметпен қарауымыз керек. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!» деп мемлекеттік тілді білу – өмір талабы, […]
-
Тіліміздің көсегесін көгерту өз қолымызда
4 Қыркүйек 2015
Ана тіліміз, оның мемлекеттік деңгейде қолданылуы жайында кейінгі жылдары талай мақалалар жазылып, талай ойлар мен ұсыныстар айтылды. Бірақ әлі де болса тіліміз біз ойлағандай дәрежеге көтеріле қойған жоқ. Неге? Меніңше, бұған алдымен өзіміз кінәліміз. Әлі жалтақпыз, басқаның көңіліне қарағышпыз. Әрине, Орталық Азиядағы басқа мемлекеттердей бірден орыс тілін ысырып қойып, өз тілімізді енгізе алмаймыз. Бұған оларға […]
-
Мемлекеттік тіл – менің тілім
8 Тамыз 2015
3 миллионға жуық халқы бар оңтүстікте тағдыр-талайымен Қазақстаннан дәм бұйырған 108 этностың өкілі тұрады. Еркінен тыс депортацияланып, саяси қуғын-сүргін көрген ұлттар өкілдері досқа құшағы ашық, көңілі кең қазақ халқына бауыр басып, ағайыным, қорғаным деп біледі.
-
Мәскеуден келіп, қазақша кітап оқыған
1 Шілде 2015
Бүгінгі жаһандану дәуірінде үлкен-кіші «сиқырлы сандыққа» үңіліп, жер-жаһандағы жаңалықтарды білуде. Мұның жақсылығы көп болғанымен, кері әсері тиіп жатқан тұстар да жоқ емес. Өйткені, бүгінде жұрт кітапты өте сирек оқиды. Кітапханадағы оқырмандардың тізіміне көз жіберсең, мектеп оқушылары, бала-шаға…