Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Еліміздің мемлекеттік тілі — халықты біріктіруші күш

24 Қараша 2015 | 3:42

20151016120713АСТАНА. ҚазАқпарат — Елімізде қазақ тілінде білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың үлес салмағы едәуір артқандығы белгілі. Яғни, бұл тұрғыда қазақ мектептерінің беделі артып отыр. Атап айтқанда, бұл тұрғыда ана тілге деген құрметтің оянғанын білдіреді. Бұдан бөлек, ел халқы Қазақстандағы бірлік пен достық идеясы аясында мемлекеттік тілді меңгеріп жатыр.

Себебі, еліміздің мемлекеттік тілі халықты біріктіруші күш екені айқын. Биылғы 29 қыркүйек БҰҰ мінберінен тіліміз төрткүл дүниеге танылған күн ретінде тарихта қалады. Себебі, әлемнің барлық елінен алты мемлекеттің ғана ресми тілі сөйленіп жүрген мәртебелі мінберден БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 70-сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінде баяндама жасап, әлем елдері алдында Қазақстанның мерейін үстем етті.
Атап айтқанда, мемлекеттік тіліміздің қолдану кеңістігін кеңейтіп, қарым-қатынас тіліне айналдыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі. Жалпы бүгінде қазақшаны ауызекі сөйлеу тілінде жылдам үйренудің түрлі тәсілдері таныстырылуда. Тіптен, күнделікті пайдаланып жүрген телефондарға да арнайы қосымшалар жасалып, таратылуда. Сонда, осы күнге дейін мемлекеттік тілді меңгере алмаған отандастарымыздың еріншектігі басым ба?! Мамандардың айтуына қарағанда, күніне жарты сағаттан уақыт бөлсе, ары кетсе жарты жылда қазақшаның ауызекі сөйлеу тілін әбден меңгеруге болады.

Жақында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті тарапынан еліміздің 3 облысында «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде» атты шаралар өткізілді. Осы жоба аясында жұмыс тобы құрамында белгілі саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері, жергілікті жерлердегі тілдерді дамыту және ішкі саясат басқармаларының басшылары болды.

«Бір айға жуық уақыт ішінде Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарындағы қалалар мен аудан орталықтарында 39 кездесу өткіздік. Бұл бағдарлама арнайы орыстілді аудиторияға арналған. Мақсатымыз — орыстілді азаматтарға мемлекеттік тілге деген позитивтік көзқарас қалыптастыру. Оларға Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі жағдайын таныстыру, пікірлесу, ұсыныстарын тыңдау, еліміздегі мемлекеттік тілдің ахуалына бірге талдау жасап, тілді қолдану аясын кеңейтуге негізделген насихат бағытындағы жұмыстар жүргізілді», — деді аталған жобаға жетекшілік еткен ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері Дос Көшім.

Оның сөзіне қарағанда, аталған облыстарда дөңгелек үстел, кездесу, брифинг түрінде өткен шараларға 2 мыңнан астам азамат қатысты.

«Мемлекет қазақ тілін үйретуге қолынан келген жағдайды жасап жатыр. Орталықтар ашылды, қажетті кітаптар шығарылып жатыр. Осы орайда біз орыстілді азаматтардың мемлекеттік тілді неліктен баяу игеріп жатқандығы тұрғысында өздерін ойландыруға тырыстық. Әрине, балаларының болашағы қазақ тіліне байланысты екенін әңгімеледік. Осы шаралардағы қуанарлық жағдай — орыстілді азаматтар көптеген ұсыныстарды бізге айтты. Оның жеке есеп түрінде шығарамыз. Менің өзіме ұнаған пікірдің біріне тоқталатын болсам, орыстілді азаматтар «мектеп бітірген уақытта балалардың барлығы қазақ тілінен тест тапсыру керектігін және оның балы ЖОО-ға түскен кезде есептелінуі қажет» деп ой түйді. Сонымен қатар балабақшалардың барлығы қазақ тілінде болуы қажет екенін алға тартты. Олардың пайымынша, сол кезде жеткіншектердің мектепке дейінгі кезеңде қазақ тіл базасы қалыптасады», — деді қоғам қайраткері.

Сонымен қатар Д. Көшім көптеген жерлерде қазақ тіліндегі мектептерге өзге ұлт өкілдерінің балаларын оқуға беруі көбейіп келе жатқанын атап өтті. «Тағы бір айта кетер жайт, балаларын қазақ тіліндегі балабақшалар мен мектепке дейінгі орталықтарға беріп жатқандар екі-үш есеге көп. Осы орайда қазақ мектептеріне баратын басқа ұлт өкілдерінің легі артады. Бұл үлкен өзгеріс», — деді ол.

Белгілі болғандай, осы кездесулер қорытындысы бойынша талдамалы есеп жасалған, онда тиісті ведомстволарға ұсыныстар мен анықталамалар қамтылып отыр. «Бұл үш жылдық жоспардың екі жылы аяқталды. Келесі үшінші жылын іске асырамыз. Менің ойымша, Орал мен Ақтөбе, Астана және Қостанайдағы еңбек ұжымдарымен кездесеміз», — дейді Дос Көшім.

Оның пайымынша, тілді саясатқа айналдырмау қажет, себебі бұл лингвистиканың мәселесі. Кейбір адамдар тіл тақырыбын ұлтаралық, саяси мәселе ретінде шығарғысы келеді. Осыдан аулақ болған жөн.

Мұнымен қоса бұл жобаға қатысқан белгілі саясаттанушы Айдос Сарым шынымен де тілді саясатқа айналдырмау керектігін, оны экономикаландыратын кез келіп отырғандығын алға тартты.

«Біз қазір өтпелі кезеңдегі үдеріс үстіндеміз. Бұл үдерістің өзінің талабы бар. Осыдан 20 жыл бұрынғы жағдаймен салыстырсақ, бүгіндегі жағдай жер мен көктей. Бұны аймақтарға барған кезде көріп жүрміз, яғни салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндіктеріміз бар. Бүгінде ешбір адам бір аптадан кейін, он күннен соң немесе екі жылдан кейін не болады деп дөп басып айта алмайды. Бірақ адамның болашақты жоспарлайтын үлкен бағыты бар, яғни бүкіл өміріне қатысты және ұзақмерзімді бағдарлайтын жоспары — ол бала-шаға. Өйткені, кез келген адам ұлтына, нәсіліне, дініне және басқасына қарамастан, баласының жақсы адам болғанын, жақсы мектепте оқып, білім алғанын, сондай-ақ ертең еңбек нарығына шыққан кезде бәсекеге қабілетті болғанын қалайды. Ешкім де балам қазақ тілін білмесін деп айтпайды. Сондықтан экономикалық үдерістерге тілді тарту керек деген осыны білдіреді. Бүгінде кез келген банкке немесе үлкен сауда орталығына барсаңыз, операциялық шараларды атқаратын және кассадағы қызметкерлердің негізінен қазақтар екенін байқайсыздар. Бұл тұрғыда банк басшылары мен сауда орталықтары жетекшілерінің нарықты жақсы түсінгендігін аңғаруға болады. Егер банкке келген адам туған қазақ тілінде ақпарат алмаса немесе қызметіне риза болмаса, онда банк клиенттерінен айырылып, пайдадан қағылады»,-дейді А. Сарым.

Демек, қоғамдағы мемлекеттік тілге деген сұраныстың өскенін көрсетеді, яғни осының барлығы экономикалық қажеттілік екенін байқатып отыр. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің өндірістегі, ғылымдағы және басқа да салалардағы өрісін арттыру амалдарына көшу керек. Осы тұрғыда тіл жанашырлары бүгінде қазақ тілін білуге тиісті кәсіптердің тізбесін дайындау қажетті қадамның бірі болып отырғанын алға тартуда.

Автор: Руслан Ғаббасов