Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Тілден артық күш жоқ

22 Қыркүйек 2015 | 5:46

2Ұлттың ұлылығын, мемлекеттің келбетін, биік парасатын танытуда тілден артық күш жоқ. Мәдениет те, сая­сат та тіл арқылы қалыптасады, тіл арқылы өмір сүреді. Тіл ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуында, бірлік-берекесінің орнығуында шешуші рөл атқарады. Сондықтан да, тіл мәселесіне аса құрметпен қарауымыз керек. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!» деп мемлекеттік тілді білу – өмір талабы, заман сұра­нысы, қоғам қажеттілігі екенін үнемі назарда ұстап оты­ратын Мемлекет басшысы Н.Назарбаев тілдің даму стратегия­­­сын ұсынды. Елбасы Қазақстан халқы Ассам­блеясының кезекті сессиясында сөйлеген сөзінде: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге, елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет», – деп тіл дамыту мәселесінің маңызын аша отырып, Үкіметке арнайы бағдарлама жасау жөнінде тапсырма берді. «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қазіргі таң­дағы қоғамның барлық саласын­да тілдерді дамыту мен қол­дану және мемлекеттік тіл­ді кең ауқымда қолдану бары­сын­дағы өзекті проблемалар­ды ше­шудің нормативтік-ұйым­дастырушылық негізі болып табылады. Бағдарламада Елбасы қазақстандықтардың алдына 2017 жылы мемлекеттік тілді еркін меңгерген қазақстандықтар саны 80 пайызға жетсе, 2020 жылы олар 95 пайыздан кем болмауы тиіс деген тапсырма қойды. Сонымен қатар, ел бірлігі доктринасында да мемлекеттік тіл ұлттық және рухани бірліктің басты факторы, негізгі басымдығы ретінде айқындалып, қазақ тілін меңгеру әрбір Қазақстан азаматының парызы мен міндеті саналып, жеке өзінің бәсекеге қабілеттілігі мен қоғамдық өмірге араласуының белсенділігін айқындайтын ынталандырушы тетік болуға тиіс екендігі нақтыланған. Себебі, мемлекеттік тілдің проблемалары ел тағдырына, қауіпсіздігіне, мемлекеттілігінің нығаюына тікелей қатысты мәселелер екені айқын. Сондай-ақ, Елбасы қазақ тілінің мәртебесін кө­теру мақсатында қазақ тілін біл­мейтіндер үшін арнайы тіл оқыту орталықтарын ашып берді. Тілдерді дамытуды ке­зең-кезеңімен жүзеге асыру көз­деліп, он жыл мерзімге арнал­ған мемлекеттік бағ­дарламадағы нақты берілген тапсырмаларды орындау Үкі­меттің немесе мемлекеттік қыз­метшінің ғана емес, барша қазақстандықтардың парызы. Мемлекеттік бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары, мемлекеттік қызмет және қо­ғамдық-саяси, әлеуметтік кәсіп­керлік саласының бар­лығында қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың күнделікті өмірлік қажетіне айналдыру. Еліміздегі мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып отырған тіл саясатының басты мақсаты да мемлекеттік тілді көптілді Қазақстанның ортақ тіліне айналдыру, ана тіліміздің қолдану аясын кеңейту, жетекші орынға ие болатын дәрежеге жеткізу. Өзге ұлт өкілдерінің қазіргі уақытта қазақ тілін білуге деген ниеті, ынтасы қуантады. Түрлі ор­таларда, теледидарда, радиода қазақ тілінде таза сөйлеп, Қа­зақстанды өз Отаным деп жүрген өзге ұлттарды естіп-көргенде, кеудеңді ерекше мақтаныш сезімі билейді. Бұл, әрине, олардың қазақ еліне деген құрметі. Мем­лекетіміздің дәрежесінің өскен­дігі деп бағалауымыз керек. Бұл Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген зор жетістігі. Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік тапсырыс шеңбе­ріндегі өңірдегі тілдік ахуалға талдау жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша жалпы облыс тұрғындарының 95,02 пайыздан астамы мемлекеттік тілді жетік меңгергендер. Оның ішінде 80-нен астам этнос өкілдерінің көрсеткіші 54 пайызды құрап отыр. Басқарма жанындағы Мем­лекеттік тілді оқыту орталығында мемлекеттік тілді меңгеруге ниет білдірген кез келген азаматқа қазақ тілі тегін оқытылады. Қазіргі уақытта орталықта 27 этностың өкілі қазақ тілін үйренуде. Ор­та­лық жыл сайын мыңдаған тыңдаушыларға қазақ тілін меңгертіп шығартуда. Мәселен, 2013 жылы 2257 тыңдаушы ана тілімізді үйреніп шықса, 2014 жылы тыңдаушылардың саны 2780-ді құраған. 2007 жылдан бері орталық 12 мыңнан астам адамға қазақ тілін меңгеріп шығуға мүмкіндік беріп отыр. Әйтсе де, бүгінгі күнге дейін 2947, биылғы жылдың 8 айында 148 мемлекеттік қызметші тілді оқып-үйренгенімен, мемле­кеттік мекемелердегі құжат айна­лымының пайыздық көрсеткіші әлі 100 пайызға жетпей отыр. Жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметкерлердің 96,5 пайызы қазақ, 3,5 пайызы өзге ұлт өкілі бар десек, оның 97,8 пайызы мемлекеттік тілді толық меңгергендер, 1,9 пайызы орташа білетіндер, ал 0,1 пайызы мүлдем түсінбейтіндер деген мәлімет бар. Алайда, облыстағы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 99,3 пайызды құрап отыр. Соңғы жылдары елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесі өскендігінің бір айғағы шетел азаматтарының орталықта тілді үйренуге келе бастауынан да байқауға болады. Биылғы жылы тәжірибе алмасу мақсатында елімізге келген Филиппин мем­ле­кетінің азаматы Педригал Грейс пен оның тәлімгері Гил­леспи Мишель және Корея мемлекетінің азаматшалары Ким Ду Ук пен Ли Хен Джу қазақ тілін меңгеруге ниет білдіріп, қазақ тілі курсының бастауыш деңгей тобында ауызекі сөйлеу тілін меңгеріп шықты. Өзге ұлт өкілдері тыңдау­шыларының санын жалпы облыс бойынша соңғы үш жыл шеңберінде алатын болсақ, 2013 жылы – 1696, 2014 – 2108, ал үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығының өзінде 1150-ді құрап отыр. Яғни, этнос өкілдерінің қазақ тіліне деген сұранысы жылдан-жылға артып келе жатқанын көріп отырмыз. Тыңдаушылардың ішінде орыс, өзбек, түрік ағайындарынан бөлек беларусь, поляк, грек, қытай, т.б. ұлттардың өкілдері бар. Биылғы бірінші жарты жылдықтың көрсеткіші бойын­ша тыңдаушылардың басым бөлігін, яғни 52,5 пайызын орыс­тар, 18,5 пайызын дүнгендер, 5,4 пайызын өзбектер, 4,1 пайызын күрділер құрайды. Әрі қарай неміс, әзербайжан, украин, т.б. болып жалғаса береді. Қазақ тілін үйрену этнос өкілдеріне еліміздің, өлкеміздің бай тарихы мен мәдениетінен сабақ алып, салт-дәстүрімен тереңірек танысуына да мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сондай-ақ, өзге ұлт отба­сыла­рының өз балаларының қазақ тілді балабақшаларда тәрбиеленуін және қазақ тілді мек­тептерде білім алуына ықылас білдіруі қуантады. Облыстағы жалпы білім беретін мектептерде 6 мыңнан астам өзге ұлт баласы қазақ сыныбында оқыса, 3 мыңнан астам бүлдіршін қазақша балабақшада тәрбиеленуде. Бұл өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілдің келешектегі толыққанды сұранысына сеніп, жарқын бо­лашағына үміт артуының бірден-бір дәлелі. Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Барша қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білуі – бізді біріктіреді, баршамызды тең етеді. Өзінің ана тілін, сонымен қоса мемлекеттік тілді меңгерген жастар келешекте жақындық пен теңдіктің тетігіне айналады. Болашақта, басқа елдердегі секілді Үкіметтің, мемлекеттің басшылығына ұлтына, тіліне қарамастан, тағайындалатын болады, алайда олардың барлығы мемлекеттік тілді білуге тиіс», – деген болатын. Яғни, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, елдің тарихын, салтын, дәстүрін қастерлейтін, жүрегі Отаным – Қазақстан деп соғатын әрбір азамат, шыққан тегіне, ұлтына қарамастан, кез келген лауазымды қызметке көтеріле алуы тиіс. Бұл ретте, мемлекеттік тілді өз дәрежесінде меңгеру мемлекеттік қызметкер үшін де Конституциялық міндет екенін айта кеткен дұрыс шығар. Тағы бір ескеретін жайт, мемлекеттік тіл – этнос­ара­лық проблема емес, жалпы мем­­лекеттік проблема. Қа­­зақ­стандық біртектілік пен бір­лікті қалыптастырушы ортақ мәдениет пен тіл десек, әрбір қазақстандық этнос өкілі өр­кениетті елдердегідей қазақ тілін өз тілім деп қабылдауы тиіс. Бұл ретте, Мемлекет басшысы жауапкершілікті алдымен өзімізге, қазақтарға жүктеп, еліміздің қазақы болуы алдымен қазақтарға тиесілі екендігін, сонымен қатар, жаңа бәсекеге қабілетті Қазақстанды қалыптастыруда өзге ұлт өкілдерін біріктіруші рөлге ие екендігі туралы ес­кертуін ешқашан естен шы­ғар­маған абзал. «Біз «халық бірлігінің» еш жерде бұған дейін қайталанбаған, бірегей моделін қалыптастырудамыз! Бізді, біріншіден, ортақ үйіміз – Қазақстанға деген ортақ махаббат біріктіреді. Екіншіден, бізді байырғы жеріміздің тарихына және тілдерді дамытуға деген көзқарастағы қоғамдық келісім біріктіреді. Үшіншіден, бізді бүгінгі ауқатты шағымызға және ұлы болашағымызға деген зор сенім біріктіреді», – деген Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясындағы ерекше тебі­реніспен айтқан сөзін әрбір қа­зақстандық азамат жүрегімен сезінуі тиіс. Қазақстандық бірлік пен бір­­тектілікке қызмет ететін ор­тақ тіліміз бен ортақ мәде­ние­­тіміздің өркендеуі жолында саналы қызмет ету барша­мыз­дың парызымыз екенін естен шығармайық.

Ғалия БОРАНБАЕВА,

Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы.
ТАРАЗ.

Егемен Қазақстан
Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/09/17/76337