- Негізгі бет
- Жаңалықтар (Страница 19)
Жаңалықтар
-
«Айтыс» (iTys)Тұңғыш Инновациялық IT-Жобаның тұсаукесері
19 Қараша 2014
Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астанада «Айтыс» (iTys) атты Тұңғыш қазақстандық мессенджердің тұсаукесерін өткізді. Бұл әлемге әйгілі Whatsapp-тың қазақстандық баламасы. Яғни, iTys – тұңғыш рет қазақстандық мамандар жасап шығарған, жедел хабар алмасуға арналған мобильдік қосымша. iTys орыс және ағылшын тілдерінде ғана емес, ең бастысы, қазақ әліпбиінің барлық әріптерін пайдаланып, мемлекеттік тілде хабар алмасуға болатындығымен айрықша. Бұл […]
-
Қазақ тілінің онлайн курсы «Soyle.kz» «Тақырыптық сөздікпен» толықты
29 Қыркүйек 2014
Мемлекеттік тілді дамыту қоры Soyle.kz интернет-порталының «Тақырыптық сөздік» атты жаңа бөлімін ашты. Тақырыптық сөздікте қамтылған 3500-ге жуық сөз бен 700-ден аса күнделікті өмірде жиі қолданылатын тілдесу үлгілері толықтай дыбысталып, тақырыптық принцип бойынша топтастырылып берілген. Жинақталған 50 тақырып күнделікті өмірдің негізгі салалаларын және тілдегі негізгі сөз таптарын (етістік, сын есім, үстеу, көмекші сөздер, есімдік) қамтиды.
-
Қазақ тілінің онлайн курсы «Soyle.kz» «Тақырыптық сөздікпен» толықты
20 Қыркүйек 2014
Мемлекеттік тілді дамыту қоры Soyle.kz интернет-порталының «Тақырыптық сөздік» атты жаңа бөлімін ашты. Тақырыптық сөздікте қамтылған 3500-ге жуық сөз бен 700-ден аса күнделікті өмірде жиі қолданылатын тілдесу үлгілері толықтай дыбысталып, тақырыптық принцип бойынша топтастырылып берілген. Жинақталған 50 тақырып күнделікті өмірдің негізгі салалаларын және тілдегі негізгі сөз таптарын (етістік, сын есім, үстеу, көмекші сөздер, есімдік) қамтиды. Сөздікте […]
-
Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесі қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры бүлдіршіндерге қонаққа барды
19 Қыркүйек 2014
Қазақстан халықтарының тілдері күні қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астана қаласының № 71 балабақшасының тәрбиеленушілеріне қазақ тіліндегі кітаптарды сыйға тартты. Бұл мектепке дейінгі оқушыларға арналған энциклопедиялар және танымдық балалар әдебиеті.
-
Қазақстанмен өзінің тағдырын қосқан адамдардың барлығы баласына қазақтың тілін үйретуде — ҚР Президенті
25 Тамыз 2014
Ең бастысы, өзіміз қазақша сөйлеуіміз қажет. Бұл туралы бүгін «Хабар» телеарнасына эксклюзивті сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты. «Қазақ тілінің қолданылуы мен өркендеуі үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалды. Конституцияға «Мемлекеттік тіл — қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай жазылды. Енді ешкімге қазақ тілінде сөйлеме деп және тілге кедергі келтіріп отырған бір адам жоқ. […]
-
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҮЙРЕТЕТІН САЙТҚА СҰРАНЫС АРТҚАН
8 Тамыз 2014
Қазақ тілінде сөйлеуді онлайн үйрететін soyle.kz сайтына сұраныс артып келеді. Ғаламторға шыққалы жарты жылдың ішінде әлемнің 50 мемлекетінен адамдар кіріп, қазақ тілін үйрене бастаған. Бұл – елімізде қолға алынған алғашқы жоба. Идея авторы — мемлекеттік тілді дамыту қоры. Тәуелсіздік алған 23 жылда қазақ тілін дамыту үшін небір әдіс-тәсілдер қолданылды. Бұл жоба солардың ішіндегі бірегейі болып […]
-
«Қазақ тілін бір айда меңгеру» жобасының қорытындысы шығарылды.
7 Тамыз 2014
«Vласть» интернет-журналының ұйымдастыруымен өткен «Қазақ тілін бір айда меңгеру» жобасы өз мәресіне жетті. Қазақ тілін бір айда үйренуге ықылас білдірген еріктілер жоба басталмас бұрын тілді білу деңгейін анықтау тестілеуінен өтті. Олардың әрқайсысы тіл үйрену әдісін өз қалауынша таңдап алған болатын. Математик Ибрагим Ибатуллин қазақ тілін бір ай бойы ауылда болып, тілдік ортаға ену арқылы үйренуді […]
-
Журналистер күні қарсаңында «Soyle.kz» порталы туралы үздік мақалаға байқау жарияланады
27 Маусым 2014
Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстандағы ең алғашқы қазақ тілін тегін үйрететін www.soyle.kz онлайн курсының жұмысы туралы үздік мақалаға байқау жариялайды. Байқаудың мақсаты оқырмандарды мемлекеттік тілді үйренуге тарту және осы порталмен көпшілікті таныстыру. Байқауға кәсіпқой журналистермен қатар www.soyle.kz ресурсы арқылы мемлекеттік тілді үйреніп жүрген кез келген пайдаланушы қатыса алады. Авторлар өз мақалаларында осы порталмен қазақ тілін […]
-
«Казахский язык за месяц» жобасына қатысушылардың бірі қазақ тілін «Soyle.kz» көмегімен үйренетін болды.
13 Маусым 2014
Vласть интернет-журналы мен Qazaq Banki бірлесіп ұйымдастырған «Казахский язык за месяц» жобасының 5 қатысушысы анықталды. Іріктеу Алматы және Астана қалаларында өтті, өткен жылғыдай тестілеу кезінде қалалық тіл басқармаларының өкілдері қатысты.
-
Шенеуніктерге 2015 жылдан бастап қазақ тілін меңгеру міндеттеледі
11 Маусым 2014
Мемлекеттiк қызметшiлер қазақ тiлiн меңгеру 2015 жылдан бастап орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына Қазтест жүйесiн енгiзу арқылы шешілмек. Бүгiн Үкiмет отырысында Тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаның орындалу барысы қаралды.