Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Қазақ тілін бір айда меңгеру» жобасының қорытындысы шығарылды.

7 Тамыз 2014 | 9:08

«Vласть» интернет-журналының ұйымдастыруымен өткен «Қазақ тілін бір айда меңгеру» жобасы өз мәресіне жетті. Қазақ тілін бір айда үйренуге ықылас білдірген еріктілер жоба басталмас бұрын тілді білу деңгейін анықтау тестілеуінен өтті. Олардың әрқайсысы тіл үйрену әдісін өз қалауынша таңдап алған болатын. Математик Ибрагим Ибатуллин қазақ тілін бір ай бойы ауылда болып, тілдік ортаға ену арқылы үйренуді қаласа, журналист Ольга Малышева «Қобыланды жырын жаттау» этнолингвистикалық әдісін таңдаған еді. IT-маман Ольга Капитова қазақ тілін оқытушыдан жеке сабақ алу арқылы үйренген болса, PR саласының маманы Юлия Кузнецова қазақ тілін өз бетімен, оқулықтар арқылы үйренуді жөн көріпті. Ал инженер Сергей Горбунов қазақ тілін онлайн режимінде тегін оқытатын «www.soyle.kz» интернет порталы арқылы үйренемін деп шешкен.

Жоба қорытындысы:

Ольга Малышева
Басында: 76 ұпай
Соңында: 91 ұпай
Ибрагим Ибатуллин
Басында: 71 ұпай
Соңында: 94 ұпай
Ольга Капитова
Басында: 44 ұпай
Соңында: 45 ұпай
Юлия Кузнецова
Басында:59 ұпай
Соңында: 74 ұпай
Сергей Горбунов
Басында: 42 ұпай
Соңында: 76 ұпай

Тестілеу қорытындысы бойынша Сергей Горбунов ең үздік нәтижеге жетті деуге болады. Бастапқы тестілеуде 42 ұпай алған Сергей жоба соңындағы тест қорытындысы бойынша 76 ұпай жинап, қазақ тілін аз уақыт ішінде нәтижелі игергенін көрсетті.

Жобаға қатысушылар бұл межеде тоқтап қалмай, алдағы уақытта да мемлекеттік тілді үйренуді жалғастыра беретіндерін айтты.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының Баспасөз қызметі