Мемлекеттiк қызметшiлер қазақ тiлiн меңгеру 2015 жылдан бастап орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына Қазтест жүйесiн енгiзу арқылы шешілмек.
Бүгiн Үкiмет отырысында Тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаның орындалу барысы қаралды.
Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Гүлшара Әбдiхалықова мәлiм еттi.
«Қазiргi уақытта сарапшылар айтып отыр, мемлекеттiк тiлдi меңгеруде Қазақстан халқының 62-63 пайызы қазақ тiлiн, 92 пайызы — орыс және 16,6 пайызы ағылшын тiлiн меңгерген. Елбасының қойып отырған саясаты — елiмiзде үш тұғырлы тiлдi дамыту. Осыған байланысты бүгiн Үкiмет отырысында бағдарламаның орындалу барысы талқыланды», — деп атап өтті вице-премьер.
Брифинге қатысқан ҚР Мәдениет министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы бағдарлама аясында жасалған жұмыстардың нақты көрсеткiштерiне тоқталды.
«Есептi кезеңде мемлекеттiк тiлдi дамыту мен қолдануға бағытталған бiрқатар жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, ҚАЗТЕСТ жүйесiн жетiлдiру бойынша мемлекеттiк тiлдi оқытуға арналған 5 деңгейден тұратын оқу-әдiстемелiк кешен әзiрлендi. Сонымен қатар елiмiздiң барлық тiлдердi оқыту орталықтарына таратылды», — деп атап өттi министр.
Министрдің мәлімдеуінше, қазақ тілін меңгеру 2015 жылдан бастап орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына сатылы түрде ҚАЗТЕСТ жүйесiн енгiзу арқылы шешіледі.
Оның айтуынша, қазiргi уақытта елiмiзде 351 тiлдi оқыту орталықтары бар. Бұл салаға жеке кәсiпкерлердiң қызығушылығы да артқан.
http://news.nur.kz/317109.html