Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесі қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры бүлдіршіндерге қонаққа барды

19 Қыркүйек 2014 | 4:28

Қазақстан халықтарының тілдері күні қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астана қаласының № 71 балабақшасының тәрбиеленушілеріне қазақ тіліндегі кітаптарды сыйға тартты. Бұл мектепке дейінгі оқушыларға арналған энциклопедиялар және танымдық балалар әдебиеті.

Шараның мақсаты өскелең ұрпақтың мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру, оларды қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, Отанымызға деген мақтанышын арттыру, қазақ әдеби тілін үйренуге баулу және балалардың шығармашылық қабілетін арттыру.

Сондай-ақ, өскелең ұрпақтың қазақ тілін үйренуін ынталандыру мақсатында Қор қазақ тілін онлайн режимінде тегін үйренуге болатын www.soyle.kz порталында биыл «Балаларға арналған қазақ тілі» бөлімін ашуды жоспарлап отыр.

Анықтама: 2013 жылдың аяғында Қор Қазақстанда тұңғыш рет қазақ тілін онлайн режимінде тегін үйрететін www.soyle.kzпорталын іске қосқан болатын. Ашылғалы жарты жылдың ішінде порталмен еліміз бен алыс-жақын шетелдерден 100 000 астам адам танысып, 10 000-нан астамы тіркеліп, қазақша үйренуге кірісті. Бұл порталдың ашылуына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры, «Самұрық-Қазына» АҚ және «Samsung Electronics» компаниясы қолдау көрсетті.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының
баспасөз қызметі