Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҮЙРЕТЕТІН САЙТҚА СҰРАНЫС АРТҚАН

8 Тамыз 2014 | 10:48

Қазақ тілінде сөйлеуді онлайн үйрететін soyle.kz сайтына сұраныс артып келеді.

Ғаламторға шыққалы жарты жылдың ішінде әлемнің 50 мемлекетінен адамдар кіріп, қазақ тілін үйрене бастаған. Бұл – елімізде қолға алынған алғашқы жоба. Идея авторы — мемлекеттік тілді дамыту қоры. Тәуелсіздік алған 23 жылда қазақ тілін дамыту үшін небір әдіс-тәсілдер қолданылды. Бұл жоба солардың ішіндегі бірегейі болып тұр. Күн санап дамыған технология адамзаттың басын ғаламторда қосты. Осы үрдісті ескерген мемлекеттік тілді дамыту қоры soyle.kz атты онлайн режимдегі сайтты жасап шықты. Алдымен олар осыған ұқсас шетелдің сайттарын зерттеген, тәжірибе жинаған. Соңында қазақстандық бағдарламашылар мен тіл ғылымының мамандарын жинап, тегін қызмет түрін көпшілікке ұсынды.

Азат Шәуеев, мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры:
— Соңғы мәліметтерге сенсек, Қазақстанның 70%-дан астам тұрғыны интернетті белсенді қолданады екен. Бұл – жақсы көрсеткіш. Міне, 6 айдың ішінде дүниежүзінен 120 мыңнан астам адам кіріп, тіркелген. Қазақ тілін үйреніп жатқандардың саны бүгінгі күні 11 362 адамды құрап отыр.

Қордың құрылтайшысы – ҚР Тұңғыш Президенті қоры. Кезінде «Самұрық-Қазына» холдингімен бірге қаржылай демеу білдірген де осы қор. Келешекте қор өкілдері сайттағы сабақ түрлерін көбейтуді де қазірден жоспарлап отыр.

Виолетта Дробышева, тіл үйренуші:
— Сайт өте қызықты. Адамды тартып тұрады. Менің ұққаным, оқулықтарға қарағанда, бұл жерде грамматиканы үйрену өте оңай және қарапайым. Күніне бір-екі сағатымды осы сайтқа арнаймын. Қазір өзім де нәтиже бар екенін сезіп жүрмін.

Асылжан Төрениязова, филология ғылымдарының кандидаты:
— Оның ішіндегі сабақтар кәдімгі дәстүрлі оқулықтар сияқты емес, барлығы күнделікті тұрмыста пайдаланатын сөздер болғандықтан, үйрену жеңіл. Тек қана жазылған нәрсені теорияық жағынан игеру ғана емес, грамматиканы сөйлеу барысында игеру, сауатты жазуға, сауатты сөйлеуге үйрену жүйелі ұсынылған.

Енді жоба авторлары ғалымдармен бірігіп, сайтты жетілдіргісі келеді. Келешекте балаларға арналған арнайы бөлім де болмақ. Ал осы жылдың соңына қарай ұялы телефонның «андройд» жүйесіне арналған қосымшаны іске қосуды көздейді.

Авторлары: Нұрболат Туысбайұлы, Берік Ахтан, Айтжан Отызбаев. «24 KZ» арнасы.