- Негізгі бет
- Мақалалар (Страница 9)
Мақалалар
-
«Қазақстантану» пәні
19 Мамыр 2013
«Қазақстантану» пәні арқылы жастарға елді, жерді, ұлтты танытуға, оларды отаншылдық рухта тәрбиелеуге болады Ұлттың ұлт болып ұйысуында, қоғам дамуымен қиысуында, рухани жағынан мықты, мығым болып қалыптасуында, құндылықты хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізуде тілдің орны бөлек. Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрт¬тың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай, жоғалмайды» деуі […]
-
Тілдік мәселе біздің ерік-жігерімізге тіреліп тұр
17 Мамыр 2013
Айдос ӘБДІХАЛЫҚОВ, «ҚАЗТЕСТ жүйесі» Ұлттық тестілеу орталығының басқарма жетекшісі 16.05.13 Мемлекеттік қызмет саласындағы реформалар мемлекеттік тіл – қазақ тілінің дамуына да өз септігін тигізіп келеді. «А» корпусына үміткер боп құжат тапсырған 2000-ға жуық азаматтың компьютерлік тестілеуден сүрінбей өткендері мемлекеттік тілден де тест тапсыру сынағына жіберілуі керек. «ҚАЗТЕСТ жүйесі» Ұлттық тестілеу орталығының Басқарма жетекшісі Айдос Әбдіхалықовтың […]
-
Қазақ жерінен бақыт таптық – дейді әзербайжан қызы Айдан Эйвазова
2 Мамыр 2013
Трамвайда келе жатыр едім, қасымда отырған қыздың ұялы телефонынан әнші Нұрлан Әлімжанов айтатын «Аққу құсым» ойнап қоя берді. Түрі-түсі бөлек жас қыз: «Әйгерім, қазір келемін, келесі аялдамаға жақындап қалдым», – деп телефон шалған құрбысымен қазақша сөйлесті. – Қазақ тілінде жақсы сөйлейді екенсің. Атың кім? Қай ұлт өкілі боласың? – деп сұрадым. – Әзербайжан қызымын. Атым […]
-
Тілін жоғалтқан ұлтты жою оңай
29 Наурыз 2013
Әркімнің түріне емес, тіліне қарап, сол адамның тегі, халқы мен мемлекеті туралы ақпарат алуға болады. Ыстамбұл әуежайы.Қарсы алдымдағы сәкіге үш сәбиін ерткен қара нәсілді жас әйел жайғасты. Кішкентай баласы – алдында, қалған екеуі анасына бір нәрселерді түсіндіріп әлек. Олардың ағылшынша шүйіркелескендері таңсық емес… Қасымда егде тартқан қазақ әйелі немересімен орысша әңгіме-дүкен құрып отыр… Африкатекті әйелдің […]
-
Мемлекеттік тілді үйренді
28 Наурыз 2013
Биылғы «Ұлыстың ұлы күні» – әз Наурызды тойлау үшін мемлекет Қазақстан халқына ресми түрде бес күн демалыс берді. Осынша мол уақытты қазақстандықтар көптен ойда жүрген, бірақ орындауға мұршасы бола бермеген істерді жүзеге асыруға жұмсағаны сөзсіз. Көптеген адамдар мәселен, мемлекеттік тілді үйренуге арнапты. Осы мерзімге сұраныстың көп түсуіне байланысты, біраз тіл үйрету орталықтары мереке күндері демалыссыз […]
-
Азамат…сыз ба?
12 Наурыз 2013
Тәуелсіздіктің 22 белесін артқа тастадық. Тәуелсіздік құрдастары 22-ге келді. Тәуелсіздіктің төл балалары мемлекеттік тілді меңгермей өсіп келеді. Осы қаншалықты дұрыс? Немесе неге бұлай деп неге ойланбаймыз?.. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында «Болашаққа деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды» деп атап көрсетті. «Мемлекет пен азаматтың мақсаттары барлық бағыттар бойынша сәйкес келуі өмірлік тұрғыдан маңызды» […]
-
Мемлекеттік маңызы зор мәселе
8 Ақпан 2013
Елбасы Жолдауында алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру табандылықпен жалғаса беретіндігі, әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруі үшін осы бастан кірісуіміз керектігі, сондай-ақ, терминология мәселесінде де қолға алар істердің әлі баршылық екендігі қадап айтылды. Тілші-ғалым ретінде, мемлекеттік маңызы зор жоғарыда айтылған мәселелерге бей-жай қарамай, өзіміздің көзқарасымызды білдіріп, Елбасы көрсеткен міндеттерді […]
-
Ұлы дүниелер ұлт тілінде ғана жасалады
27 Желтоқсан 2012
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбайұлымен сұхбат – Өмірзақ Айтбайұлы, сіз бүкіл саналы ғұмырыңызды ана тіліміздің тағдырымен байланыстырып келесіз. Осы жолда зерттеулер жүргіздіңіз, ана тілінің мәртебесі үшін күресудесіз. Жалпы сіз тіл майданына қалай келдіңіз және қазақ тілінің болашағы туралы қандай ой түйдіңіз?
-
Латын қарпіне көшуден ұтарымыз көп
27 Желтоқсан 2012
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында латын қарпіне көшу мәселесіне ерекше тоқтала келіп: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз.
-
Үкімет ел үмітін үкіледі. Үкімет басшысы Серік Ахметов Үкімет отырыстарын мемлекеттік тілде өткізу жөнінде шешім қабылдады
30 Қараша 2012
Үкімет басшысы оң қадам жасады. Серік Ахметов Үкіметтің отырыстары мен алқалы жиындарын бұдан былай мемлекеттік тілде өткізу жөнінде шешім қабылдады. Жақсы жаңалықтың айғағындай, сейсенбідегі Үкімет отырысы басынан аяғына дейін қазақ тілінде өтті.