Трамвайда келе жатыр едім, қасымда отырған қыздың ұялы телефонынан әнші Нұрлан Әлімжанов айтатын «Аққу құсым» ойнап қоя берді. Түрі-түсі бөлек жас қыз: «Әйгерім, қазір келемін, келесі аялдамаға жақындап қалдым», – деп телефон шалған құрбысымен қазақша сөйлесті.
– Қазақ тілінде жақсы сөйлейді екенсің. Атың кім? Қай ұлт өкілі боласың? – деп сұрадым.
– Әзербайжан қызымын. Атым – Айдан, – деді ол әдемі жымиып.
– «Ән айтатын қыз» деген түрік сериалындағы Фэридэ деген қыздың рөлін ойнайтын актриса Айданның атын қойған ба? – дедім.
– Мүмкін. Түрікшеден аударғанда бұл есім Ай, Ай нұры, Айдың толысып тууы дегенді білдіреді. Қа¬зақтар Айнұр, Айгүл, Айман, Айсұлу деп көп аттар қояды ғой. Сол сияқты. Бір¬ мұсылман халқымыз. Тілдеріміз де ұқсас. Анам Ша¬пағат, әкем Ғасан Эйва¬зов¬тар Екібастұзда, ал әже¬міз, туған-туыстарымыз түгелдей Әзербайжанның Зардаб ауданында тұрады. Демалыс алғанда, каникул кездерінде барып тұрамыз, – деді ол тағы да.
Аялдамаға жеткенше¬ байланыс телефонын¬ алып үлгерген едім. Ай¬дан Эйвазова облыс орта¬лы¬ғындағы Сұлтан¬махмұт Торайғыров атындағы мем¬лекеттік университеттің химия-технология фа¬куль¬тетінің 4-курсында оқиды екен. Өткенде трамвайда келе жатқанда мұнай-химия зауытында өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген кезі екен. Екібастұздағы орта мектепті орыс тілінде бітіріпті. Қазақ тілінде жақсы сөйлеп кетуіне айналасы, дос-құрбылары, көршісі Алтын апайдың әсері болыпты.
– Ал Екібастұздағы по¬литехникалық колледжде оқитын інім Әділ де қазақ тілінде жақсы сөйлейді, өйткені, достарының бәрі қазақ балалары, – дейді Айдан.
– Ал үйде, отбасында қай тілде сөйлесесіңдер?
– Әрине, әзербайжан тілінде. Әндерімізді біле¬міз, салт-дәстүрімізді сақ¬таймыз. Ал қазақ ті-лін білуіміз керек, ол – қа¬жеттілік, біз осы жерде, осы Қазақ елінде тұрамыз, ата-анамыздың жұмысы бар, үйлі-күйліміз, тыныштық, татулық орнаған елде өмір сүреміз. Екібастұзда ата-ана¬мыздың басқа да әзер¬байжан достары тұ¬ра¬ды. Болашағымыз қа¬зақ тілінде, сондықтан кіш¬кентайымыздан қазақша сөйлеп, жазып үйрендік. Әкеміз Кеңес Одағы кезінде Екібастұзда әскер қатарында болып, осы жерде қызметте қалады. Әзербайжан жаққа барып сүйген қызы, біздің анамыз Шапағатты алып келеді. Әкеміз Ғасан айт¬қандай, біз қазақ жерінен бақыт таптық, енді ғұмыр бойы осы елде өмір сүреміз, – деді ол мақтанышпен.
Айдан қазір баянауылдық құрбысы Марина Навалихина екеуі пәтер жалдап тұрады екен.
– Марина да қазақша сөйлейді. Себебі, ол, Баян¬ауылдың қызы ғой! – дейді Айдан. – Болашақ математик. Мүмкін, оқу бітірген соң, мұнай-химия зауытында бірге жұмыс жасайтын болармыз. Тағы бір жақсысы – біз пәтер жалдайтын үйдің иесі Рамиза апамызбен қазақша сөйлесіп, тіл байлығымызды одан әрі байытудамыз, тәрбиелік-танымдық бағытындағы әңгімелерін тыңдаудамыз. Біз соған қуанамыз.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
ПАВЛОДАР