Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Үкімет ел үмітін үкіледі. Үкімет басшысы Серік Ахметов Үкімет отырыстарын мемлекеттік тілде өткізу жөнінде шешім қабылдады

30 Қараша 2012 | 5:29


Үкімет басшысы оң қадам жасады. Серік Ахметов Үкіметтің отырыстары мен алқалы жиын­дарын бұдан былай мемлекеттік тілде өткізу жөнінде шешім қабылдады. Жақсы жаңалықтың айғағындай, сейсенбідегі Үкімет отырысы басынан аяғына дейін қазақ тілінде өтті. Қазақша сөйлеуге қиналады дейтін Қаржы министрі Болат Жәмішевтің өзі Парламенттің «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттің» жаңа нұсқасын қабылдауына орай Үкіметтің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы қаулысына өзгертулер мен толықтыру­лар енгізетін жаңа қаулының жобасына байланысты баяндамасын толықтай мемлекеттік тілде жасап шықты.
Жиын барысында ілеспе аударма пайдаланылды. Орыстілді журналистер баяндамалардың орысша нұсқасымен қамтамасыз етілді.
Иә, сәт! Ел үшін маңызды жарқын жаңалықтың баянды болғанын тілейік.

«Ана тілі» 23.11.2012