Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Тілін жоғалтқан ұлтты жою оңай

29 Наурыз 2013 | 10:50


Әркімнің түріне емес, тіліне қарап, сол адамның тегі, халқы мен мемлекеті туралы ақпарат алуға болады. Ыстамбұл әуежайы.Қарсы алдымдағы сәкіге үш сәбиін ерткен қара нәсілді жас әйел жайғасты. Кішкентай баласы – алдында, қалған екеуі анасы­на бір нәрселерді түсіндіріп әлек. Олардың ағылшынша шү­йіркелескендері таңсық емес… Қасымда егде тартқан қазақ әйелі немересімен орыс­ша әңгіме-дүкен құрып отыр…
Африкатекті әйелдің бала­ларын еуропалық тілде ерке­летуі, азиялық келбеттегі әжей­дің немересімен славян тілінде сырласуы бір табиғи үйлесім­діліктің бұзылғанынан хабар берсе керек.Олар өзге тілдерде сөйлеу арқылы, ата-бабала­рының кімдердің құлдығында болғандығын әш­керелеп, өз халықтарының үл­кен рухани жеңілістері мен күй­зелістерін әлемге жа­рия етеді. Еркіндікте өмір сүр­ген­­­дерімен, әлі отар ел екен­­діктерін ескерт­кендей. Жас африкалықтар­­дың кам­­-бап немесе фула тілін білмей өте­тіні сияқты, қа­сымдағы бүлдір­шінге де қазақ тілі жат болатын тәрізді.

Үндістерге қазақтардың қандай қатысы бар?

Кең-байтақ жерді отар­лау ең алдымен онда қоныста­ған ха­лықтың тілін құртудан бас­талады. Солтүстік америка­лықтар үндістерге ағылшын тілін білсе, өздерімен келіс­сөз­дер жасау жеңілірек бола­тындығына сендірді. Бірнеше жыл бұрын Сиэтлге тақау туа­лип тай­пасының резерва­циясын­­да болдық. Жергілікті тұрғын­дар ана тілдерінде ат­тарын ғана айта алады. Тіршілік көздері – казино. Бәрі ағыл­шынша сөйлейді, өз тілдерін ұмытқан, кемсіту мен қуда­лаудан құтыла алған жоқ. Қазір Солтүстік Америка тайпалары сөйлеген 176 тіл­дің 52-сі ғана аман қалған. Мек­тептерде жергілікті үндіс­тердің тілдерін қолдануға ты­йым салатын 1887 жылғы заңмен бұл тілдерді оқуға рұқ­сат бере­тін 1990 жылғы заңға дейінгі ара­лықта үнді тайпаларының 60 тілі өліп, 60-120 тілі жойылу алдында. Әрбір екі апта сайын бір тіл өледі. Ғалымдар 100 жыл­дан соң қазіргі тілдердің 50-90 па­йызының құрып кету қаупі бар деп есептейді. ЮНЕСКО жо­йылуы мүмкін тіл­дер Атласын жасаған. Онда ата-аналардың балаларымен қай тілде сөйле­сетіндігі өлшем ретінде алы­ныпты. Мәселен, балалар ана тілін тек отбасында ғана қол­данса, мұндай тіл «қа­уіп-қатер төнген» топқа жата­ды, ал ата-әжелері ана ті­лінде сөйлеге­німен, әке-ше­шелері балала­рымен басқа тілде сөйлессе, ондай тілге «ай­тарлықтай қауіп төнгені» анықталады.
Кипрдегі кездесу

Жазда Кипрде журна­лис­тердің халықаралық фору­мында әріптестерім мені мәс­кеулік журналистің шарқ ұрып іздеп жүргенін жеткізді. «Орыс тілінде сөйлегім келеді!» Орыс әріптесімнің мені көргенде аузынан шыққан алғашқы сөзі осы болды. Ол бірнеше күн бойы ағылшын тілінен әбден шаршағанын жеткізді. Әр ел-­ден келген журналистердің тіл­дік ерекшеліктеріне қарай жиі топтаса қалатынын сол жолы байқадым.Бір тіл бір социумға тоғыстырады. Фихте жер ауқымынан бө­лек халықтың ішкі шекара­сы бар екендігін дәл айтқан. Ол – тілі. «Мемлекеттердің ал­ғаш­-қы, бастапқы әрі табиғи ше­кара­лары – олардың ішкі шекара­лары екендігіне күмән жоқ. Бір тілде сөйлейтіндер бір-бірімен табиғаттың өзінің көп­теген жіп­терімен, қандайда бір адам­зат өнері пайда бол­мас бұрын-ақ маталған. Олар бі­рін-бірі ұғады және әрі қарай өза­ра түсіністікті дамытады. Олар бір-бірімен байланысты әрі табиғи жағынан ажырамас бір бүтінді құрайды» деп жазады неміс философы.Ұлттың тілі­нің қолдану аясы қаншалық­ты кең болса, соғұрлым сол елдің ықпалы зор, жері ауқымды. Сондықтан Еуразиялық Одақ­қа қатысты кейбір ре­сейлік сая­саткерлердің орыс тілін ор­тақ тіл жасау туралы ұсыныс­тарының астары ай­қын.

Джон Джозеф тіл мен ұлт­тық сана туралы зерттеуінде Гитлердің алғаш рет көрші ел­дерге басқыншылық жасауын онда тұрып жатқан неміс тіл­ділердің неміс ұлтының ажы­рамас бөлігі деп түсіндіру ар­қылы өз әрекетін ақтап алу­ға тырысқандығын жазады. Ал еврейлерді қыру саясаты ев­рейлер «ана тілдерін» сақ­тай алмағандықтан, толыққан­ды нәсілге жатпайды деген идея­мен нығайтылғандығы осы еңбек­те еске түсіріледі. Тілін жоғалтқан ұлтты басыну, жою оңай. Израильдің өлі тіл­дерін қайта жаңғыртып, за­манауи тілге айналдыру олар­ға қанша­лықты маңызды бол­ғанын осыдан түсінуге болады.

Интернетте аударылмайтын тілдер

Алжирлік әріптесім әлеу­меттік желіде менің не жаза­тынымды оқығысы келіпті. Бі­рақ google сайтының аудар­­ма қызметіндегі тілдерді қан­ша ақтарса да, қазақ тілін таба алмаған. «Сенің тілің интернет арқылы аударылмайтын сирек тіл екен!» деп таңданысын білдірді. Жақында youtube сай­тының іздеу қызметі арқылы «бала» деген сөзді жазып, қазақша балаларға арналған қызықты бейнекөріністер таба алмағаным тағы есіме түсті. Ipad қондырғысы да қазақ тілін танымайды. Бірақ досыма айтар қарсы уәжім бар. Google аударма қызметінде оның бербер тілі де жоқ болатын. Алжирде араб және бербер тілі мемлекеттік тіл саналғанымен, ресми құ­жаттар өздерін кезінде отар­лағандардың, яғни араб және француз тілдерінде даярлана­ды. Алжирлік әріптесім кезін­де бербер тілін мектептерде оқы­ту ғана емес, провин­циялар­дан тыс жерлерде сөйлеуге рұқ­сат берілмегенін айтты. «Қазі­ргі жағдай да шым-шытырық, біз – берберлер, арабша сөйле­генімізбен, арабтектілер бер­-бер тілін білмейді» дейді жур­налист. Әлбетте, қазіргі провин­циялық тілдің ұлттық қана емес, әлемдік тілдердің біріне айналуына толық мүмкіндігі бар. Орта ғасырда «итальян тілі» атымен болған жоқ, оқы­мыс­тылары оны қарапайым ха­лықтың тілі санап, класси­калық латын тілімен салысты­рып, volgare деп атаған. Ал әде­би итальян тілі XVIII-XIX ға­сыр­ларда ғана қалыптасты.

Данте Италияның ұлы ақыны ғана емес, итальян ті­лінің негізін қалаушы ретінде де мәлім. Ол өзінің «Халықтың шешендік тілі» туралы еңбегінде тілдің екі түрі бар екенін көр­сетеді: бірі – халықтың тілі, екіншісі – жазба ресми тіл. «Сә­билердің өздерінің қа­сын­дағыларға қарап үйреніп, еш­қандай нұсқаусыз асырау­шысына еліктей отырып, қа­былдайтын тілін» «халықтың тіліне» жатқызды. Оның ойынша, жаратылғанда ең ал­ғаш қолданылатын халықтың тілі маңызды әрі табиғи сана­лады. Ал ресми жазба тілді ол жасанды деп есептеп, оның уақытша ғана мәнісі бар екен­дігін топшылаған. Расында да, арада 5-6 ғасыр өткенде сол кездегі ресми тіл – латын тілі өлі тілдер санатына өтті. Ал итальян тілінде қазір әлемде 70 миллионнан астам адам сөйлейді. Бұл тіл Ита­лияның, Ватиканның, Сан-Ма­рино, Швейцарияның рес­ми тілі саналса, Хорватия мен Словенияның кейбір өңірле­рінде екінші ресми тіл ретінде мойындалған. Қазақ тілінің келешегі – қазақ отбасы­ла­рында. Ана тілін сақтай ал­ғандар ұлтын сақтайды.

Айжан КӨШКЕНОВА