- Негізгі бет
- Жаңалықтар (Страница 8)
Жаңалықтар
-
Telegram қосымшасында қазақ тілін үйренуге арналған «Soyle Bot» іске қосылды
19 Қараша 2019
Егер сіз тіл үйренудің дәстүрлі әдістері жалықтырып, оқуға деген ынта-жігерді жоғалтып алғандардың бірі болсаңыз, онда Telegram-ды пайдаланып, қазақша үйренуді бастаңыз. Енді сіз өзіңіздің сүйікті қосымшаңыздан шықпай-ақ қазақ тілін еркін үйрене аласыз! @Soyle_bot сізге қазақ тілінің қызықты әрі пайдалы сөздік қорын күнделікті әрі кез-келген уақытта тегін үйренуге көмектеседі. Боттың көмегімен сіз өзіңіздің сөздік қорыңызды күніне 10 […]
-
«Кім білгіш?» онлайн турнирінің IІ туры басталғанын хабарлаймыз
5 Қараша 2019
«Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша халықаралық онлайн турнир жалғасуда. І тур аяқталды, оның нәтижесі сайттың «I ТУР НӘТИЖЕЛЕРІ» қосымша парағында орналастырылды. Ал енді, достар, IІ тур басталады. І тур қорытындысы бойынша ең үздік жалпы нәтиже көрсеткен қатысушылардан 120 қатысушы (60 қатысушы қазақ тілінде ойнағандар, 60 қатысушы орыс тілінде ойнағандар) екінші турға өтеді. Екінші турда ұйымдастырушылар […]
-
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
25 Қазан 2019
24 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев қол қойды. Жасалған келісім аясында тараптар қазақ тілінің мәртебесін […]
-
«Кім білгіш?» халықаралық онлайн турниріне өтінім қабылдау мерзімі ұзартылады
30 Қыркүйек 2019
Көптеген қатысушылардың сұранысы бойынша ойынға қатысуға өтінімді қабылдау мерзімі ұзартылды. Өтінім ағымдағы жылдың қазан айының 15-не дейін қабылданады. Өтінімді http://kto-umnee.qazaq-found.kz/#form сайты арқылы жіберуге болатынын естеріңізге саламыз. Біз ең ақылды оқушылардың турнирге қатысуын асыға күтеміз!
-
«Тұңғыш Президент Қорының жыл сайынғы Үздік қазақтілді интернет-сайт сыйлығы» байқауы ашық деп жарияланады
20 Қыркүйек 2019
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры үздік қазақтілді интернет-сайт байқауына өтінімдер қабылдауды бастайды. Ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қоры. Байқау мақсаты – интернет жүйесіндегі үздік қазақтілді сайттарды анықтап, қолдау көрсету, ақпарат кеңістігінде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту және интернеттегі қазақтілді контент үлесінің ұлғаюына ықпал ету. […]
-
«Кім білгіш?» онлайн-турнирі төртінші рет өткізіледі
6 Қыркүйек 2019
6 қыркүйектен бастап «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында халықаралық онлайн-турнир бастау алады. Турнирді осымен төртінші рет Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қоры өткізеді. Жобаның мақсаты: дарынды балаларды анықтау, қазақ халқының тарихы, мәдениеті туралы білімдерін жетілдіру мен тереңдету, әлемді […]
-
«АЛТЫН ТОБЫЛҒЫ» ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ
1 Шілде 2019
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры 2019 жылғы 1 шілдеден бастап дәстүрлі «Алтын Тобылғы» әдеби байқауына өтінімдер қабылдауды бастайды. Сыйақының жалпы қоры – 11 миллион теңге. Байқау әріптесі – Мемлекеттік тілді дамыту қоры. Осымен бесінші рет өткізілгелі тұрған байқау Жастар жылына арналады. Шығармалар «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік балаларға арналған шығарма» […]
-
«Тәтті алма» әдеби жинағы мен «Ұлы дала аңыздары» веб-графикалық романдар сериясының тұсаукесері
17 Сәуір 2019
Сәуірдің 17-сі күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Назарбаев орталығында» «Тәтті алма» балалар әдебиеті жинағы мен веб-графикалық романдардан тұратын «Ұлы дала аңыздары» атты онлайн-жобасының тұсаукесерін өткізді. Іс-шараға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары – Сұлтан Айтжанов, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев, белгілі қоғам […]
-
Тұңғыш Президент Қоры жобаларын Павлодар облысында таныстырды
13 Наурыз 2019
2019 ж. 12 наурыз күні Павлодар қ. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Күндері өткізілді. Мақсат – облыс әкімдігімен бірлесе Мемлекет басшысының талантты жастарды қолдауға бағытталған идеяларын насихаттау, Қор жобаларына Павлодар облысының жастарын қатысуға шақыру. Тұңғыш Президент Қорының жұмысымен танысу оның өкілдері және облыс әкімі Болат Бақауовтың ресми кездесуінен басталды. Кездесу барысында атқарушы директордың орынбасары […]
-
ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚТАРҒА АРНАЛҒАН АНА ТІЛІН ҮЙРЕНУДІҢ ТЕГІН КУРСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ
6 Наурыз 2019
Мемлекеттік тілдің рөлін арттыруды негізге ала отырып, «Отандастар Қоры» КЕАҚ мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту Қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар шетелдік қандастардың ана тілін еркін меңгеруіне жағдай жасауға, сондай-ақ тіл саясатының тиімді іске асуына атсалысуға ниетті. «Отандастар Қорының» Бірінші вице-президенті Талғат Адуовтың айтуынша, жақын арада шетелдегі […]