Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Telegram қосымшасында қазақ тілін үйренуге арналған «Soyle Bot» іске қосылды

19 Қараша 2019 | 6:27

telegramm

Егер сіз тіл үйренудің дәстүрлі әдістері жалықтырып, оқуға деген ынта-жігерді жоғалтып алғандардың бірі болсаңыз, онда Telegram-ды пайдаланып, қазақша үйренуді бастаңыз. Енді сіз өзіңіздің сүйікті қосымшаңыздан шықпай-ақ қазақ тілін еркін үйрене аласыз!

@Soyle_bot сізге қазақ тілінің қызықты әрі пайдалы сөздік қорын күнделікті әрі кез-келген уақытта тегін үйренуге көмектеседі.

Боттың көмегімен сіз өзіңіздің сөздік қорыңызды күніне 10 сөзбен толықтыра аласыз, сәйкесінше айына 300 жаңа сөз, жылына 3600 сөз.

Боттың қызметін жақсарту және кеңейту мақсатында біз үнемі қарқынды түрде жұмыс жасаймыз. Сонымен қатар, сіздердің әрқайсысыңыз Soyle_бот жұмысын жақсартуға көмектесе аласыздар, ол үшін ойларыңыз бен пікірлеріңізді support@qazaq-found.kz мекен-жайына жіберіңіздер.

Сәттілік тілейміз!