Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚТАРҒА АРНАЛҒАН АНА ТІЛІН ҮЙРЕНУДІҢ ТЕГІН КУРСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

6 Наурыз 2019 | 6:09

 

Мемлекеттік тілдің рөлін арттыруды негізге ала отырып, «Отандастар Қоры» КЕАҚ мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту Қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар шетелдік қандастардың ана тілін еркін меңгеруіне жағдай жасауға, сондай-ақ тіл саясатының тиімді іске асуына атсалысуға ниетті.

«Отандастар Қорының» Бірінші вице-президенті Талғат Адуовтың айтуынша, жақын арада шетелдегі қандастарға арналған қазақ тілін қашықтықтан үйренудің тегін курстары басталады. Сабақтар Skype арқылы онлайн режимде өтетін болады.

«Осы мақсатта біз әр елдегі мүдделі қазақ этномәдени және қоғамдық бірлестіктермен тығыз байланыс орнатпақпыз. Солардың көмегімен интерактивті тақталармен жабдықталатын арнайы қазақ тілі кабинеттерін ұйымдастырамыз. Бұл бастамамыз жексенбілік мектептер желісі сияқты болады. Яғни, тілді үйренушілер өз бетінше оқып қана қоймай, өзі сияқты басқа да тәлімгерлермен бірге жиналып, араласа алады, сабақты бірігіп өте алады. Тілді кез келген уақытта кабинеттен тыс онлайн оқи алу мүмкіндігінен бөлек, олардың бетпе-бет жолығу алаңын ұйымдастыруымыз керек деп санадық».

Мемлекеттік тілді дамыту қорының басшысы Азат Шәуеевтің сөзіне сүйенсек, шетелдік отандастар үшін қазақ тілін игерудің инновациялық әдістерге негізделген тиімді жүйесі әзірленуде.

«Қашықтықтан оқыту жүйесі туралы айтар болсақ, біздің «Soyle.kz» порталы негізіндегі мол тәжірибеміз бар. Бұл қазақ тілін интернет арқылы онлайн режимде үйрететін Қазақстандағы алғашқы тегін жоба. Ол үлкен зерттеу мен талдаудың, осы саладағы басқа да елдердің тәжірибесіне үңілудің нәтижесінде жүзеге асты. Сонымен қатар, шетелдік қандастардың да сұраныстарын барынша ескеруге тырысып жатырмыз. Мәселен, олардың ыңғайлылығы үшін біз порталдың ағылшын-латын нұсқасын да жасап шығардық. Енді қазақ тілін латын әліпбиімен үйренуге болады».

Сонымен қатар, келісім аясында тіл саясаты жөніндегі іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру, электрондық ақпараттық кеңістікте мемлекеттік тілді дамытуға ықпал ететін отандық сайттар жұмысына жәрдемдесу және шетелдегі отандастарға арналған қазақ тілі бойынша оқу құралын әзірлеу көзделген.

 

IMG_1216

IMG_1229