Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Тәтті алма» әдеби жинағы мен «Ұлы дала аңыздары» веб-графикалық романдар сериясының тұсаукесері

17 Сәуір 2019 | 5:12

Сәуірдің 17-сі күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Назарбаев орталығында» «Тәтті алма» балалар әдебиеті жинағы мен веб-графикалық романдардан тұратын «Ұлы дала аңыздары» атты онлайн-жобасының тұсаукесерін өткізді.

Іс-шараға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары – Сұлтан Айтжанов, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев, белгілі қоғам қайраткерлері мен оқушылар қатысты.

Балалар жинағы өскелең ұрпақты қазақ әдеби тілін үйренуге, рухани құндылықтарды қастерлеуге баулу, олардың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін арттыру мақсатында шығарылды.

«Тәтті алма» жинағының 1-2 томы 2015 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Мемлекеттік тілді дамыту қорына ана тілімізді дамыту бағытындағы жобаларға бөлінген қаржысына жарық көрген еді. Аталған жинақтың     3-4 томдарын шығаруға Тұңғыш Президент Қоры қолдау көрсетті.

Соңғы жинақтарға жақсылық пен әсемдік, табиғатқа деген қамқоршылық туралы ертегілер мен театрлық қойылымдар енген. Жинаққа енген шығармаларды «Tattialma.kz» сайтынан және «Tattialma» мобильді қосымшасынан оқуға болады. Қазіргі заман қаламгерлерінің әңгімелері мен өлеңдері жарияланған жинақ оқырманын жаулап алары сөзсіз.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған игі мақсаттарды жүзеге асыру аясында, Қор қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани жетістіктерін дамытуға бағытталған жұмыстарын жалғастырып келеді.

Осыған орай, «Ұлы дала аңыздары» (Легенды великой степи) онлайн жобасы аясында веб-графикалық романдар сериясын әзірлеуді қолға алып, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі «Qazcomics.kz» веб-сайты мен мобильді қосымшасы әзірленді.

«Ұлы дала аңыздары» жобасы ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жеткен  қазақ халқының тарихы мен аңыздары туралы сыр шертетін «Ұлы махаббат туралы жеті хикая» және «Қазақ жерінің ұлы батырлары» деп аталатын екі бөлімнен тұрады. Аңыздар мазмұны Қазақстанның киелі орындарының тарихымен астасып жатыр, әңгімелер арқауы көпшілікке киелі жерлер туралы толығырақ мәлімет алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда осы сериядан «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» және «Жұмбақтас» туындылары жарық көрді.

Іс-шара тізгіні «Балапан» телеарнасының жас таланттарында болып, түрлі концерттік номерлер кеш шырайын аша түсті.

Кеш соңында бүлдіршіндерге арнайы торт пен тәтті алмамен әрленген мерекелік дастархан жайылды.

Тұсаукесер барысында ақпараттық қолдау көрсеткен «Балапан» телеарнасы.