24 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев қол қойды. Жасалған келісім аясында тараптар қазақ тілінің мәртебесін нығайтуға бағытталған жеке жобаларды әзірлеуге, қазақ халқының мәдени, әдеби, рухани жетістіктерін кеңінен насихаттауға, сондай-ақ осы мақсатта ұйымдастырылатын түрлі бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға келісті.
Дәл осы күні ҚР Ұлттық кітапханасында «SoyleTalk» клубы қатысушыларының кездесуі өтті, онда қазақ тілін үйрену мақсатындағы қызықты сұрақтар жағымды достық жағдайда талқыланды. Клуб жүргізушісі — Ақын Ақыныч.