- Негізгі бет
- Жаңалықтар (Страница 31)
Жаңалықтар
-
Баспасөз мәслихаты өтті
4 Наурыз 2009
Бүгін Астанада Мемлекеттік тілді дамыту қорының кезекті баспасөз мәслихаты өтті. БАҚ өкілдерімен кездескен қор директоры Берік Әбдіғалиев, қор қамқоршылық кеңесінің мүшесі, сенатор Қуаныш Сұлтанов және «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашевтар орыстілді басылымдарда жарық көрген мемлекеттік тіл туралы үздік мақала авторларын марапаттады.
-
Бас редакторлар мен журналистердің назарына!
4 Наурыз 2009
2009 жылдың 24 маусымы күні Астана қаласындағы Ұлттық баспасөз клубында Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз мәслихаты өтеді. Қозғалатын тақырып: Мемлекеттік тілді дамыту қорының орыстілді журналистер арасында қазақ тілін насихаттауға арналған байқауының жеңімпаздарын жариялау және оларды марапаттау. Баспасөз мәслихатына қатысатындар: Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Берік Әбдіғалиев, Қордың қамқоршылық кеңесінің мүшесі, сенатор Қуаныш Сұлтанов және шара […]
-
«Қазақ альманағы» альманағының тұсаукесер рәсімі өтті
4 Наурыз 2009
Алматы қаласындағы ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер жақында жарық көрген «Қазақ альманағы» альманағының тұсаукесер рәсімі өтті. Оған зиялы қауым өкілдері көптеп қатысты. Ақпарат айдына қосылған интеллектуалды басылым «Қазақ альманағы» деп аталады. Альманах Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен жарық көруде. 260 беттік жаңа басылымның өзегі қазақты дамытуға бағытталған тұжырымды, сүйекті материалдар болмақ. «Қазақ елінің тұрақтылығы мен […]
-
100-ге жуық жоба келді
4 Наурыз 2009
Мемлекеттік тілді дамыту қорының грантын алу байқауына еліміздің 12 өңірінен және жақын шетелден 100-ге жуық жоба келіп түсті. Осы күнге дейін Мемлекеттік тілді дамыту қорының грантына үміткер ретінде үкіметтік емес ұйымдар мен жеке адамдардан 100-ге жуық жоба келіп түскен. Грант алу байқауына келіп түскен жобалар тек Қазақстанмен ғана шектелмейді. Тіпті Ресей астанасындағы Мәскеу мемлекеттік университеті […]
-
Депутат тіл туралы сауал жолдады
4 Наурыз 2009
«Қазақстан Бүгін» — Мәжілістің өткен аптадағы жалпы отырысында депутат Алдан Смайыл Қазақстан Республикасының премьер-министріне тіл туралы заңның орындалуын үкіметтің не себепті қадағаламай отырғаны жөнінде сауал жолдады, деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісі. Депутат үкімет басшысына жолдаған сауалын «Заң неге орындалмайды?» деген сұрақпен бастады. «Мәселенің мәні мынада.
-
Қазақстанның елшілігінде «Алаш» еңбегінің тұсаукесері өтті
4 Наурыз 2009
Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде «Алаш» қозғаласының тарихи маңызы жайлы еңбеғіның тұсаукесері өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Ресей астанасы — Мәскеуде қазақ ғалымы Дина Аманжолаваның «На изломе. Алаш в этнополитической истории Казахстана» атты еңбегінің тұсаукесер рәсімі болып өтті. Оған
-
Орыс мектептерінде қазақ тілін үйретудің сапасы
4 Наурыз 2009
Мемлекеттік тілді дамыту қоры орыс мектептерінде қазақ тілін үйретудің сапасын арттыруға мұрындық болмақ. Орыс мектептері мен мектепке дейінгі мемлекеттік мекемелерде қазақ тілін оқытудың деңгейін қалай көтереміз? Қоғамның өзекті мәселесіне айналған осы сауал бүгін елордамыздың №56 мектебінде Мемлекеттік тілді дамыт қоры мен қалалық Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен “дөңгелек үстелде” талқыланды. Орыс мектептері мен мектепке дейінгі мемлекеттік […]
-
Қазақ тілі пәні мұғалімдерінің ассоциациясы құрылмақ
4 Наурыз 2009
Қазақстанда Мемлекеттік тілді дамыту қоры биылғы жылы қазақ тілі пәні мұғалімдерінің ассоциациясын құрмақ, деп хабарлады жұмада қордың баспасөз қызметінен.Қордың хабарламасында атап өтілгендей, ондай шешім мемлекеттік –қазақ тілін дамытуды талқылау жөніндегі стол басындағы әңгіме барысында қабылданған.“Биылғы жылдың өзінде біз қазақ тілі пәні мұғалімдерінің ассоциациясын құруды жоспарлаудамыз, ол орыс мектептерінде және мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілін оқытуда […]
-
“ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ — ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ”
5 Қыркүйек 2008
Мемлекеттік тілді дамытуға арналған қордың қамқоршылық кеңесінің алғашқы отырысында оның басым бағыттары мен міндеттері талқыланды